• Басты
  • Парламенттік сайлауда кімдер дауыс бере алады
18 Қараша, 2020 12:50

Парламенттік сайлауда кімдер дауыс бере алады

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының баспасөз орталығында «Сайлау 2021 – сайлаушылар тізімін өзектендіру және мәліметтер базасын сүйемелдеу» тақырыбында онлайн брифинг өтті. Алда келе жатқан парламенттік сайлауда дауыс берушілерге қойылған талаптар, олардың мекенжайы, тіркелуі және қандай режимде дауыс беретіні туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.


Парламенттік сайлауда кімдер дауыс бере алады

Нұр-Сұлтан қаласы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова елордадағы сайлау учаскелерінің жұмысымен таныстырды. Айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 354 сайлау учаскесі бар, оның 5-еуі аумақтық, 349-ы учаскелік.

Конституциялық мерзім бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2020 жылдың 10 қаңтарда өтетіні белгілі. Жоғары өкілеттік органды сайлау еліміздегі елеулі саяси оқиға. ҚР сайлау туралы ҚР Конституциялық заңында мәслихаттар депутаттарын кезекті сайлауын тағайындау орталық сайлау комиссиясының құзыретіне жатқызылған. Қаладағы барлық сайлау учаскесінің 66 учаскелік сайлау комиссиясы ҚР шет елдегі өкілеттіліктерінің жанында. Жыл басынан бері біз жаңадан 50 сайлау учаскесін құрдық. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтанда бас-аяғы 3322 сайлау комиссиясы мүшесі бар. Олардың 35-і аумақтық, 3287-сі учаскелік сайлау комиссияларының мүшесі, - деді ол.

Бақыт Бектемісова сайлаушылардың дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері туралы түсіндірді.

Сайлаушы өзінің тұрғылықты мекенжайын ауыстырған кезде сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша және жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде сайлаушыға немесе сенімхат бойынша оның өкіліне дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін табыс етеді. Мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі басқа сайлау округінде немесе бір елді мекен шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға есептен шығару куәліктері берілмейді. Жоғалған есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді. Есептен шығару куәліктерін беру сайлау күнінен бір күні бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де тоқтатылады. Қорыта айтсам, халқымыз тарихи сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білгенін атап өткім келеді. Алдағы сайлау Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында өтеді. Елордалықтарды белсенді азаматтық ұстанымын танытуға, Парламент Мәжілісі мен қалалық мәслихат депуттарының алдағы сайлауына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын, – деді ол. - деді Бақыт Ғазизқызы.
Айтпақшы, пандемияға байланысты сайлауда онлайн дауыс беру мүмкіндігі болмайтынын Бақыт Бектемісова хабарлады. Дауыс беру тек офлайн режимде жүзеге асырылады.

Бақыт Бектемесовадан кейін сөз алған Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Жүсіп Жұмағұлов сайлаушылар тізімін құру тәртібін туралы айтты. Оның айтуынша, сайлаушылар тізімін жергілікті атқарушы орган жасайды.

Бұл «Сайлау туралы» Заңда қарастырылған. Осы тізім әр адамның тұрғылықты жері бойынша тұрғындардың мемлекеттік базасы негізінде құрастырылады. Сайлауға кәмелеттік жасқа толған кез келген азамат қатыса алады. Сайлаушы 18 жасқа толған, қабілетті, бас бостандығынан айыру орындарында тіркелеген, Қазақстан Республикасының азаматты болуы шарт. Белгілі сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты мекенжайы бойынша тiркелу фактiсi негiз болады. Сайлаушы уақытша тіркеумен жүрген болса, онда жергілікті атқарушы органға берген жазбаша өтініші негізінде ғана сайлаушылар тізіміне енгізілуі мүмкін, - деді Жүсіп Жұмағұлов.

Сайлаушы белгілі бір сайлау учаскесіне тіркелу үшін жергілікті органға ресми хат жазуы керек. Хатты сайлауға отыз күн қалғанда, яғни 10 желтоқсанға дейін жазып, жолдауы тиіс. Сонымен қатар сайлаушылар өздерінің қай учаскеде тіркелгенін анықтай алады. Өйткені олар тек бір ғана учаскеге тіркелуі керек.

Кез келген азамат сайлаушылар тiзiмінен өзi туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегендігi, дұрыс енгiзiлмегендігi немесе тiзiмнен шығарып тасталғандығы, сондай-ақ тiзiмдегi сайлаушы туралы деректерде жаңсақ ақпарат жiберiлгенi үшiн шағымдана алады.

Егер сайлаушыға сайлаудан кемiнде отыз күн бұрын, яғни 10 желтоқсаннан кешіктірмей, сайлау күнi өзiнiң тiркелген орны бойынша дауыс беру учаскесіне келіп дауыс беруге мүмкіндігі болмаса, ол өзiнiң болатын жерi бойынша жергілікті атқарушы органға өзiн тиiстi сайлаушылар тiзiмiне енгiзу жөнiнде жазбаша өтiнiш бере алады. Жергілікті атқарушы орган сайлаушының тiркелген жері бойынша сайлаушылар тiзiмiнен алып тастауды және оны сол азамат дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзудi ұйымдастырады.

Сонымен брифингті қорыта айтқанда сайлаушылар білуі тиіс маңызды мәселелер:

-         Дауыс беру тек офлайн форматта:

-         Кәмелетке толған, бас бостандығынан айырылмаған кез келген азамат сайлаушы бола алады;

-         Сайлаушы тек бір сайлау учаскесіне тіркеле алады;

-         Басқа сайлау учаскесіне тіркелу үшін 10 желтоқсанға дейін хат түріндегі өтінішті жіберу керек;

Естеріңізге сала кетейік, алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Парламентітк сайлауға барлық партия қатысады. Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады. Қазіргі Мәжілістің өкілеттілігі 2021 жылдың 25 наурызында аяқталады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 85 бабы, 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжіліс депутаттарының сайлау күнін бекітті.

 

Барлық жаңалықтар
93.185.73.125, 192.168.88.100