• Басты
  • Парламенттегі әйелдер мен жастар үлесі: Жаңа Парламенттің жұмысы қалай болмақ

Парламенттегі әйелдер мен жастар үлесі: Жаңа Парламенттің жұмысы қалай болмақ

24 Желтоқсан, 2020 13:05

«Саяси партиялар туралы» заңның 15 бабы, 1 тармағына сәйкес Парламентте әйелдер мен жастар үшін 30% міндетті квота қарастырылды. Бұл жаңа парламенттің жұмысына қалай әсер етеді? Strategy2050.kz тілшісінің шолу материалынан біліңіз.


2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарына депуттарды сайлау өтетіні белгілі. Биыл сайлауға 5 партия қатысып жатыр. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, партиялардың мәжіліс және мәслихат депуттатығына ұсынған кандидаттары тізімінде жасы 29-дан аспаған жастар мен әйелдердің үлесі 30% болуы тиіс. Заңның мақсаты - әйелдер мен жастардың қоғамдық-саяси процестерге қатысуын ынталандыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы" Конституциялық заңға қол қойған болатын. 

Қазіргі уақытта Парламенттегі әйелдердің жалпы саны - 33 , 27-сі Мәжілісте. Қазақстан Республикасының мәслихаттарында 3 335 орын бар, олардың тек 740-ы - әйелдер, бұл 22% -дан сәл асатын көлем. Демек, Парламентте бұған дейін ер азаматтар көбірек болса, келер жылдан бастап Парламентті әйелдер мен жастардың үлесі артады. Жаңа Парламенттің жұмысына бұл өзгеріс қалай әсер етеді?

Парламентте әйелдер үшін арнайы квота бөлу тәжірибесі әлемнің 104 сайланбалы органдары бар елінде қолданылады. Әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, соңғы 25 жылда Парламенттегі әйелдердің үлесі 2 есе өскен. Халықаралық Іnter-Parliamentary Union мәліметі бойынша, бүкіл әлемдегі сайланбалы заң шығарушы органдардағы орынның 25 пайызы әйелдерге тиесілі. Қазіргі таңда Парламенттегі әйелдердің үлесі ең көп мемлекет - Шығыс Африкада орналасқан Руанда мемлекеті. Дүниежүзілік экономикалық форумның байламы бойынша, 2015 жылы Руанда Үкіметі әлемдегі ең нәтижелі биліктің ондығына енген. Демек, билікке әйелдер араласса, мемлекет жаман болмайды. Куба Республикасының бір палаталы парламентіндегі 605 депутаттың 322-і – әйелдер, бұл мемлекетте биліктегі әйелдердің үлесі өте жоғары. Одан кейінгі орында Боливия тұр, онда парламен төменгі палатасының 53,3 пайызын әйелдер құрайды. 2019 жылдан республиканы ел тарихындағы алғашқы әйел-президент Жанин Аньес басқарып келеді.

Ал төртінші орында – Біріккен Араб әмірліктері. Бұл елің Парламентінде әйел адамдарға 50 пайыз квота бөлінген. Әйелдер ерлермен тең елді басқару ісіне араласады. Біріккен Араб әмірліктері соңғы 40 жылда қалай дамығаны көзге көрініп тұр. Бүгін де ол әлем туристерін өзіне тартқан ең бай мемлекет.

Швеция Парламентінде де әйелдердің саны ерлермен тең. Ал ТМД елдері арасында парламенттегі әйелдер саны бойынша бірінші орында Беларусь келеді. Беларусь Парламентіндегі депутаттардың 40 %-ы әйелдер. Белорусь жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, химия өнеркәсібі өнімдері, көлік құрал-жабдықтарын жасауда ТМД елдерінің ішінде көш бастап тұр.

Қазақстан Парламентінде депутаттардың 26 % - ын әйелдер құрайды. Ал бюджеттік сала қызметкерлерінің 50 %-ы әйелдер, кейбір облыстық мәслихаттарда 25 %-ын әйелдер құрайды. Ауыл әкімдерінің ішінде де әйелдер бар.

Экономика сарапшылардың пікірінше, егер әйел адам билікке араласпаса, ешқандай экономика өзінің әлеуетін жүзеге асыра алмайды. Ал бүкіләлемдік банк шығарған есеп бойынша, әйелдер мен қыздардың білім алуын шектеу салдарынан жаһандық экономика жыл сайын 15-30 трлн доллар жоғалтады. Қазақстан Парламентінде әйелдер үлесі артса, Қазақстан экономикасының даму көрсеткіші өсуі мүмкін. Өйткені, әйелдер өнімді еңбек етіп, денсаулық сақтау, білім беру, қызмет көрсету, өзін-өзі жұмыспен қамту сияқты қоғам үшін маңызды салаларда әйелдердің жұмыс істеуі маңызды.

Ал жастардың үлесі артуына келер болсақ, бұған дейін Парламенттегі жастардың үлесі жоқ. Республика бойынша мәслихат депутаттарының корпусында жастардың үлесі небәрі 2 % ғана құрайды. Демек мәслихаттардағы 3000 депутаттың тек 60-ы ғана жастар.

Жастардың бойында қуаты көп, тәжірибесі көп болмағанымен өмірге, жағдайға көзқарасы жаңа. Қазақстанның әрбір екінші тұрғыны – 30 жасқа толмаған жастар. Мемлекет басшысы жастарға берілетін квотаның маңыздылығын былай түсіндірген еді:

«Жастарға арналған 30 пайыздық квота туралы бастаманың заңды тұрғыда рәсімделуі мемлекетті басқару тәсілдерін жаңартуға бағытталған байыпты қадам. Сондай-ақ, осы жоба арқылы жастарға еліміздің саяси өміріне белсене араласуға зор мүмкіндік беріледі.»

Қазіргі таңда саяси партиялар үміткерлер қатарына белсенді жастарды көбірек қосып жатқаны байқалады.

Әйелдер мен жастардың үлесі артқан көппартиялы жаңа Парламенттің жұмыс нәтижелерін келер жылы көреміз.

Барлық жаңалықтар