• Басты
  • Пандемия жағдайындағы ҰБТ тапсыру ерeкшелiктерi қандай?
15 Маусым, 2020 17:28

Пандемия жағдайындағы ҰБТ тапсыру ерeкшелiктерi қандай?

Биыл әрбір ҰБТ тапсырушы түлек тест тапсыру пунктеріне кіруде және аудиторияда отыру кезінде кемінде екі метр ара қашықтықты сақтайтын болады. ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов пандемия жағдайындағы Ұлттық бірыңғай тест тапсыру ерекшеліктері туралы айтты, деп хабарлады Strtaegy2050.kz тілшісі.

Пандемия жағдайындағы ҰБТ тапсыру ерeкшелiктерi қандай?

Тест тапсырушылар санитарлық тексерістің бес кезеңінен өтеді.

21 маусым мен 5 шілде аралығында өтетін тестке 131 755 өтініш түскен. Оның 82%-ы, яғни, 111 109 түлек – биылғы бітірушілер. Ал, өткен жылы бұл көрсеткіш 71%-ды құраған болатын. Сондай-ақ биыл 98 169 түлек тестті мемлекеттік тілде тапсырады. Бұл көрсеткіш жалпы тест тапсырушылардың 74,5%-ы. 33 368 түлек (25,3%) орыс тілінде, 218 (0,2%) ағылшын тілінде сынақтан өтетін болады.

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов 161 тестілеу пунктінде медициналық-санитарлық сипаттағы шаралар күшейтілетінін де жеткізді.

Карантиндік шектеулерді сақтай отырып, тестіленушілердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін медициналық-санитариялық шаралар өткізіледі. Яғни, тестілеу пункттеріне кіру кемінде 2 метр қашықтық қатаң сақталынып, әрбір тестіленуші бақылаудың 5 кезеңінен өтеді. Тестілеу өтетін ғимараттың әр қабатында санитайзерлер орнатылады. Аудиториялардағы барлық есіктер алдын ала ашық тұрады. Одан бөлек, тест тапсырушылар отыратын аудиториялар міндетті түрде желдетіліп, отыратын кезде кемі 2 метр арақашықтық сақталынады.

Сондай-ақ карантиндік шараларға байланысты ата-аналарға ҰБТ-ға түлектерді әкелуге және оларды тестілеу өтетін ғимарат аумағында күтуге тыйым салынады. Түлектерді тасымалдауды жергілікті атқарушы билік ұйымдастырып, тестілеу пункттерінің айналасын құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоршайды.

Пункт аумағына түлектер сыртқы киімді дезинфекциялау ерітіндісімен зарарсыздандыратын арнайы тоннель арқылы, арнайы дезинфекцияланған кілемнен өтеді. Қол антисептикпен өңделіп, температура бақыланады. Респираторлық немесе әдеттегі медициналық маскаларды беру.


Әрбір қазақстандық тест тапсырушылар мен бақылаушыларды онлайн бақылай алады

Биыл уаұытты ұзартуға байланысты ата-аналар мен тестіленушілердің тілектері ескерілген. Тестілеу уақыты 10 минутқа ұзартылып жалпы 4 сағат уақытты құрайтын болады.

Ата-аналар ұлттық бірыңғай тестті онлайн-қарау мүмкіндігіне ие. Онлайн трансляция сілтемесі ҰБТ өтетін күнге жақын жарияланады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі ҰБТ өткізу ережелері бұзылса, яғни, шпаргалкаларды пайдалану фактілері анықталса, білім грантын беру бойынша конкурс нәтижелерін жойылуы мүмкін екені ескертілді.

Әрбір қазақстандық ҰБТ барысын онлайн бақылап, ереже бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу Digital agent қосымшасы арқылы ұлттық тестілеу орталығына хабарласуына болады.

Ұлттық тестілеу орталығы директоры Дидар Смағұлов әрбір тілек білдірушінің тест тапсырушылар мен бақылаушыларды да бақылай алатынын жеткізді. Смағұлов, ҰБТ өткізу кезінде бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті өкілдермен үш жақты шарттар жасаладыАшықтық пен объективтілікті бақылау үшін жұртшылық пен арнайы мониторинг тобы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тартылатынын атап өтті.

Биылдан бастап қосымша көмекші құралдар (шпаргалка, мобильді байланыс құралдары, роутерлер, құлаққаптар және басқа да гарнитура түрінде тыйым салынған заттар) пайдаланған жағдайда тест тапсырушы емтиханнан шығарылады. Әр үстелге қойылған калькуляторды пайдалануға ғана мүмкіндік бар.

Білім гранттары бұрынғыдай қазақ және орыс тілдері арасында бөлінбейді, білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінеді. SAT, АСТ және IB халықаралық стандартталған тестілерінің сертификаттарына ие түлектер ҰБТ тапсырудан босатылады және грант беру конкурсына қатыса алады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды