- Басты
- Жаңалықтар
- Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
10 Қаңтар, 2021 16:09
Франциядан келген халықаралық тәуелсіз сарапшылар Франция Парламентінің депутаттары Тьерри Мариани және Жан-Лан Лакапель Қазақстандағы сайлау тәртібіне жоғары баға берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Тьерри Марианидің айтуынша, ол Қазақстанға іс-сапармен жиі келеді.
Екінші француздық бақылаушы Жан-Лан Лакапельді Қазақстанның қонақжайлылығы таңқалдырды.
«Мен Қазақстанға жасаған кезекті сапарыма қуаныштымын. Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жылда мен 20-рет келіп тұрмын. 1995 жылғы Қазақстан мен қазіргі Қазақстанды салыстырсам, айырмашылық жер мен көктей. Францияда наурыз айында Парламент сайлауы өтуі тиіс еді. Пандемияға байланысты шегерілді. Ал Қазақстан пандемия жағдайына қарамастан сайлау ұйымдастырды. Санитарлық нормалар сақталғаны көрініп тұр. Біз барған әр сайлау учаскесінің бәрін қауіпсіз деп айта аламыз, - деді ол.
«Мен Қазақстанға алғаш рет келдім. Осы үш күнде қонақжайлылық сезіліп жатыр. Сайлауға келер болсам, біз барған учаскелерде сайлаушылар тарапынан белсенділік байқалады. Ал ұйымдастырушылар тарапынан санитарлық нормалардың қатаң бақыланып жатқанын көрдік. Тіпті біздің өзіміздің дене қызуымыз өлшеніп, арнайы медициналық қолғаптар берілді. Пандемия жағдайында сайлау Қазақстанда дұрыс ұйымдастырылыпты», - деді ол.
Тьерри Мариани мырза журналистермен әңгімелесу барысында Қазақстан Орталық Азиядағы ең дамыған мемлекет екенін атап өтті.
«Мен 15 жыл бойы ЕЫҚҰ мүшесімен. Мемлекеттердің дамуы мен ондағы саяси өзгерістерді бақылап, өзара салыстырып отырамын. Қазақстанның дамуын жоғары бағалаймын. Бүгін Қырғызстанда да сайлау өтіп жатыр. Меніңше, Қазақстан жүріп өткен жолмен Өзбекстан да Қырғызстан да жүріп өткісі келеді. Қазақстан Орталық Азиядағы 5 мемлекеттің ішінде көш бастап тұр. Қазақстан Орталық Азия мемлекеттеріне үлгі бола алады. Бүгінгі сайлауда Қазақстанның экономикасы мен демократиялық дамуының озық үлгілерін көрдік. Мәселен, Тұңғыш Президенттің билікті бейбіт жолмен қазіргі Президентке беруін де саясаттанушылар жоғары бағалайды», - деді ол.
Мариани мырза түске дейін сайлау учаскелерін аралағанын, енді саяси тұлғалармен кездесетінін айтты.
«Сайлау 4 сағаттан соң аяқталады. Біздің сайлау учаскелерін аралауымыз сағат 12.30-да аяқталды. Сол сәтте елорда халқының сайлауға келуі 30 пайызды құраған. Енді біз учаскелерге бармаймыз. Саяси партиялардың мүшелерімен кездесіп, диалог құрамыз. Кеше «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен кездестік, ал бүгін «Ақ жол» партиясының мүшелерімен тағы бірнеше Қазақстандағы саясаттаушылармен кездесеміз», - деді Мариани.
автор:
Айнара Байжан
фото:
Артем Чурсинов
Айнара Байжан
фото:
Артем Чурсинов
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері