• Басты
  • Пандемия кезіндегі салауатты өмір салты
30 Маусым, 2020 10:40

Пандемия кезіндегі салауатты өмір салты

Медицина ғылымдарының кандидаты, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нутрициология кафедрасынын доценті, диетолог маман Гулстан Хасенкызы пандемия кезінде салауатты өмір салтын қалай ұстану керектігін айтты.

Пандемия кезіндегі салауатты өмір салты

Тыныс алу жаттығулары

Қанша әлсіздік болса да жатып қалмау керек. Күн сайын таза ауамен тыныстап тұрған денсаулыққа пайдалы. Далада жүргенде терең дем алыңыздар. Ауаны қармап жұтып жіберіп, іште ұстап өкпеге жаттығу жасаған тиімді. Мұрынмен тыныс алып, демді соңына дейін ауызбен шығарыңыздар. Қанайналым болуы үшін аяқ-қолды қимылдатып, жата берген ағзаға ауру да шыққысы келмей жатып алатынын естен шығармайық. Бірақ физикалық ауыр жұмыс істемейміз.

Қанайналымды жақсарту

Арқаны ұрғылап, соққылап, «дренаж» жасатыңыздар. Массажды, көптісті тарақ алып шаштарыңызды тарай беріңіздер немесе шашты қолыңызбен түбінен ұстап, тартып, клеткаларды ұйықтатпау үшін бастың қанайналымын жақсартуға ықпал етіңіздер.

Дене қызуы

Дене қызуынан қорықпаңыз. Температура – вируспен күресіп жатқан организмнің жауабы деген сөз. 38,5-тен асса ғана түсіруге әрекет жасаңыз. Егер оған дейінгі температураны түсіруге асықсаңыз иммунитет вирусқа қарсы тұрғысы келмей ұйықтап қалады. Дене қызуы 3 күннен аса тұрақты ұстап тұрса ғана антибиотик қабылдай бастаңыз. Әрбір 5-10 минут сайын жылы судан ұрттап отырыңыз. Бұл бір жағынан денедегі температураны түсіруге көмектессе, екінші жағынан тамақтан үнемі су өтіп тұрғасын ауырсыну басылады.

Ағзадан вирусты су шығарады

Ал коронвирустың клиникасына келсек. Тәбеті қанша жақсы болса да көп адамдарда дәм және иіс сезу қабілеті жоғалып жатыр. Ондай кезде кез-келген жылы шайды ішіп түру керек. Өз қалауыңыз бойынша шайға лимон, жалбыз немесе таңқурай қосыңыз. Дым болмай бара жатса жылы судың өзі де жарайды. Оған бір шөкім ас содасын қосыңыз, егер болса лимонды қоса салып жіберіңіз. Негізі вирусты бүйрек арқылы су шығарады. Күніне 1,5-2 литрден су ішіңіз. Егер ағзаңызға жақса, шұбат, қымыз секілді сусындар да  интоксикация шығаруға көмектеседі. Қан қысымыңыз жоғары болса, шайсыз лимонды су ішіңіз. Тамақтағы қақырық түспейінше тәбет те ашылмайды. Ешнәрсенің дәмін де сезбейсіз. Вирус барлық органды зақымдайды. Аурудың салмақтылығына байланысты адамдар 1 немесе 2 күн тамаққа қарай алмай қалады. COVID-19 жастарда сәл жеңілірек өтеді. Ал 50-ден асқан адамдарда ауырырақ өтіп жатыр.

Ас мәзірі

Тәбетің болсын, болмасын қалауыңызша майлырақ қой, сиыр немесе тауық етінен жасалған сорпаны бұрыш, сарымсақ қосып аз-аздан ішу керек. Тәбетті қалыпқа келтіру үшін құрт жесеңіз де болады. Тәбет жақсарғанда қою тамаққа қарай көшесіз.  Нан мүлде жемесеңіз тіпті жақсы. Егер нансыз тамақтана алмасаңыз кептірілген нан пайдаланыңыз. Тамаққа жиі ас содасы қосылған жылы сумен ингаляция жасаңыз, тамағыңызды булаңыз. Тамақтан кейін жылы киінген жөн. Тердің, судың вирусты ағзадан шығаруға ықпалы бар. Таңертең міндетті түрде сары маймен ботқа жеңіз. Өрік, қара өрік, апельсин, киви, мандарин секілді шырынды жемістерді, қияр-қызанақ секілді көкөністерді көбірек тұтыныңыз. Оларды тұтынар алдында жуып, екі сағаттай мұздай суға салып қоясыз да артынан жылы сумен шаясыз.

Барлық жаңалықтар