- Басты
- Жаңалықтар
- Пандемия кезінде Қазақстанда балалар үйірмелері мен секциялары қалай жұмыс істейді
Пандемия кезінде Қазақстанда балалар үйірмелері мен секциялары қалай жұмыс істейді
Карантин кезінде Қазақстанда балаларға қосымша білім беру ұйымдары басқаша жұмыс істеуге көшті. Енді балалар сабаққа барумен қоса қашықтан да үйірмеге қатыса алады. Қосымша секциялардың пандемия жағдайында қалай жүретіні туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен министрліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшада «Балаларға қосымша білім беруде оқыту процесін ұйымдастыру туралы» дөңгелек үстел онлайн форматта өтті. Шарада сөз сөйлегенден
ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер және ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Лилия Атажанова қазақстандықтарға коронавирустық пандемия кезінде үйірмелерге қатысу қалай жүргізілетіні туралы түсіндірді.
2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазақстандық балаларға арналған қосымша үйірмелер мен секциялар өз жұмысын бастап кетті. Оның ішінде 166 музыкалық, 28 көркемдік мектеп пен 127 өнер мектебі бар. Жалпы Қазақстанда 1256 қосымша білім беру ұйымы бар. Бұл ұйымдарға миллионнан астам бала барады.
Егер бала негізгі сабағынан бөлек қосымша үйірмеге қатысып жүрген болса, оның санитарлық талаптарды қатаң сақтауын қадағалау керек. Қосымша үйірмелер орналасқан ұйымдарда міндетті түрде балалардың дене қызуын өлшитін термометр, дезинфекция жасайтын санитайзер болу керек. Сонымен қатар арнайы белгіленген уақытта дезинфекция жасалып, бөлмелер желдетіліп отырады. Оқыту жеке және топпен жүргізіледі. Топта 15 баладан артық болмау керек, - деді Раиса Шер.
Биыл тағы да қосымша үйірмеге қатысу ережесінде жаңашылдық бар. Үйірменің басталу уақытын ата-анамен келіседі. Екіжақты келіссөзден кейін сабақ кестесі құрылады. Ата-ана жазбаша түрде баланың онлайн білім алуына келісімін жазып беріп жібереді.
Егер сабақтар тек теориялық түрде өтетін болса, онлайн форматта жүреді. Ал практикадан ғана тұратын үйірмелер жеке сабақтар немесе кіші топтарда жүргізіледі. Оқушылар да ұстаздар да міндетті түрде маскалы режимді қатаң сақтайды, - деді ол.
Бүгінгі таңда арнайы жазбаша өтініштің негізінде үйірмелерге 37797 бала барып жүр. Ал кішігірім топта 40 367 бала бар. Ал қашықтан оқыту форматында 68 888 бала қосымша үйірмелерге қатысып жүр.
Спикерлердің айтуынша, Қазақстанның әр аймағында балалардың қосымша үйірмелерге қатысу ережелері әр түрлі. Шешім сол аймақтағы санитарлы-эпидемиологилық жағдайға баланысты немесе жергілікті атқарушы орган мен санитар дәрігерлердің қабылдаған Қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстандағы қосымша үйірмелердің сапасын анықтау мақсатында министрлік жақын арада сауалнама жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте басталған жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында жүргізіліп жатыр. Қай кезеңге дейін онлайн оқу жалғасатыны білгісіз. Бастауыш сыныптарда кезекші топтар жұмыс жасайды. Ата-аналар өз еріктері бойынша балаларды кезекші сыныпқа апарып, мектепте оқытуға құқылы.
Фото: ашық дереккөз
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды

