Жаңалықтар

Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады

Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады

Бүгін Атырауда «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Жиынға қатысқан ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Алтын Орданың қазақ халқы үшін қаншалықты маңызды екеніне тоқталып өтіп, келесі жылы осыған қатысты қандай жобалар іске асатынын айтты. Оның айтуынша, 2022 жылдан бастап шетел архивтеріндегі Алтын Ордаға қатысты материалдарды іздеу жұмыстары күшейтіледі, республика аумағындағы Алтын Орда қалаларын қайта қалпына келтіріледі, сонымен бірге Уикипедиядағы Алтын Орда тақырыбына қатысты қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі контентті жаңалау, алтынордалық эпостар желісімен балаларға арналған ертегілер шығарылады. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

28 Қазан, 2021 15:39

«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері

«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері

Қазақта «Бірінші байлық – денсаулық» деген жақсы сөз бар. Адамның дені сау болса алға қойған мақсатына жетуде, еңбек етуде үлкен демеу болары сөзсіз. Сондықтан мемлекет тарапынан ел азаматтарының денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту сынды бағыттарда бағдарламалық кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Қазақстанда орталық органдардың мемлекеттік бағдарламасы, ал жергілікті атқарушы органдардың аумақты дамыту бағдарламалары бар. Уәкілетті органның қысқа мерзімді атқаруы жоспарлаған жұмыстарын көрсететін бұл бағдарламалық құжаттар әрбір институттың жұмысын бағалауға мүмкіндік береді. Бағдарламалық құжатта көрсетілген индикаторлардың орындалу деңгейіне қарап, құрылымның жұмысының тиімділігін бағалауға болады. Бұл мақалада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес жүргізілген медициналық білім беруді жаңғырту мәселесі қарастырылады. Бұл бағыттың өзектілігі –білім берудің сапасы медицина мамандарының да, саладағы қызметтің де сапасын айқындайды.

27 Қазан, 2021 14:44