Ақмола облысында бизнесті дамытуға болатын өрлеу нүктелері анықталды
Көшетауда облыс әкімі Қайрат Қожамжаровтың қатысуымен ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын талқылау бойынша облыстық актив өтті. Жолдауда инфрақұрылымды дамытудағы жаңа тәсілдің маңыздылығы атап айтылған, ол экономикалық өрлеу мүмкіндіктерін кеңейтуі қажет, жаңа бизнестерді дамытуға және жұмыс орындарын ашуға алып келеді. Облысымызда Астана қаласының қаламаңы аумағы, Шортанды-Бурабай демалыс аумағы, Степногор қаласы – өңірдің өндірістік орталығы мен облыс орталығы – Көкшетау қаласы осындай өрлеу нүктелері болып анықталды.
20 Желтоқсан, 2012 00:00