Мемлекет басшысы 2013 жылдың соңына дейін электрондық коммерция туралы заң шығаруды Үкіметке тапсырды
2013 жылдың соңына дейін электрондық коммерция туралы заң шығару қажет, деді Үкіметке берген тапсырмасында Мемлекет басышы Нұрсұлтан Назарбаев Кәсіпкерлер кеңесінің отырысында.
10 Сәуір, 2013 00:00
Қазақстанда 3 млн-нан астам га ауыл шаруашылық алқаптары пайдаланылмай жатыр - Өңірлік даму министрлігі
Түгендеудің бірінші кезеңі бойынша пайдаланбай жатқан учаскелердің шамамен 3 млн. га ауыл шаруашылығы алқаптары анықталған, деп хабарлады Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев ҚР Үкіметі отырысында.
9 Сәуір, 2013 00:00
Премьер-Министр С.Ахметов мемлекеттік органдарға пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлері мәселесін шешуді тапсырды
Бүгін ҚР Үкіметі отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлері мәселесін тиімді шешуді тапсырды.
Таяу екі жылда Қазақстанда 3 млрд теңгеге 435 ғылыми жоба қаржыландырылады - ҚР БҒМ
2013-2014 жылдарға ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсының қортындысы бойынша 435 жоба мақұлданды, деп хабарлады ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Нұрлан Ыбырайым.
Қазақстанда «Kaz aid» елдерге ізгілікті көмек көрсету агенттігі құрылады - ҚР СІМ
Қазақстан «Kaz aid» елдерді дамытудың ресми көмегі қазақстандық агенттігін құру жұмыстарын жасауда, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков.
8 Сәуір, 2013 00:00
ҚР-да жұмыс берушілер зейнеткерлік жас алдындағы жұмыскерлермен еңбек шартын бұзу мүмкіндігінен айрылады
Қазақстанда жұмыс берушілер зейнеткерлік жас алдындағы жұмыскерлермен еңбек шартын бұзу мүмкіндігінен айрылады, деп хабарлады бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.
Қазақстан Адам даму индексінің жаһандық рейтингісінде 69-орында
Бүгін Сыртқы істер министрлігінде БҰҰ Даму бағдарламасының «Оңтүстіктің өрлеуі: алуан түрлі әлемдегі адами прогресс» атты ғаламдық баяндамасының аймақтық тұсаукесері өтті.
Мектеп бітірушілер «Сенің таңдауың» жобасы арқылы қалаған мамандығын таңдай алады
Астанада мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесетін "Сенің таңдауың" жобасы бастау алды.
Қазақстанда 2015-2019 жылдарға арналған Минералды-шикізат кешенін дамыту бағдарламасы жасалады
2013 жылы Қазақстанның 2015-2019 жылдарға арналған минералды-шикізат кешенін дамытудың салалық бағдарламасы жасалады, деп хабарлады Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев.
5 Сәуір, 2013 00:00
Қазақстанда Геологиялық зерттеулер орталығы құрылады - «Қазгеология» АҚ
Қазақстанда ҚР Геологиялық зерттеулер орталығы құрылады, ол мемлекеттік озық геологиялық орталыққа айналады, деп хабарлады бүгін «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушы Ғалым Нұржанов.
Моноқалаларда ШОБ алты бағыт бойынша дамиды
ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин моноқалалардағы экономикалық даму, сонымен бірге шағын және орта бизнес шаралары айтып берді.
Сенат спикері Алматы облысының аграрийлерімен кездесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Алматы облысындағы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында болды. Бұл туралы ҚР Парламенті Жоғарғы палатасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Серік Ахметов пен Николай Азаров 2013-2014 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды
Бүгін Киевте Қазақстан-Украина келіссөздері қортындысы бойынша екі елдің Үкімет басшылары Серік Ахметов пен Николай Азаров 2013-2014 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспарына («Жол картасы-4») қол қойды.
4 Сәуір, 2013 00:00
Петропавлға бұрынғы10 балабақшаны қайтарады
Петропавлға бұрынғы10 балабақшаны қайтарады, деп хабарлайды «Стратегия -2050» сайты.
«А» басқарушылар корпусына үміткерлермен әңгімелесу Ақ Ордада өтеді - Ғ.Әбдрахымов
Республикамызда мемлекеттік қызметкерлердің «А» қалыптасқан басқару корпусына үміткерлер әңгімелесуді Ақ Ордада өтеді, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидолла Әбдрахымов.
3 Сәуір, 2013 00:00
Алматыда белгілі кәсіпкер жастарға бизнес ашу бойынша кеңес берді
Алматыда белгілі кәсіпкер жастарды жеке бизнес ашуға шақырды.
Қазақстанда ағымдағы жылы 13 млн га бидай себіледі
2013 жылы Қазақстанда 15,9 млн. га астық, оның ішінде бидай 3,0 млн. га алқапта себіледі, деп хабарлады Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Үкіметі отырысында.
2 Сәуір, 2013 00:00
2013 жылы ҚР жем-шөп өнідірісі дамудың жаңа серпініне ие болады - Ауыл шаруашылық министрлігі
Ағымдағы жылы республиканың егіс алқабын әртараптандыруға байланысты жем-шөп өндірісі дамудың жаңа серпініне ие болады, деп хабарлады ауыл шаруашылық вице-министрі Мүслім Өміряев.
1 Сәуір, 2013 00:00
Қазақстанда 2013 жылы 9 мың шақырым автомобиль жолдары жөндеуден өтеді
Ағымдағы жылы Қазақстанда 9 мың шақырым автокөлік жолдарын жөндеу жоспарланған, деп хабарлады көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.
2013 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының 806 шақырымын салып бітіріп, қозғалыстарды ашу жоспарланған
Биылғы жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралінің ұзындығы 806 км болатын учаскесінде қозғалыс ашылады, деп хабарлады көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.
2013 жылы Астана-Алматы жоғары жылдамдықты темір жол магистралінің құрылысы басталады
Ағымдағы жылы жоғары жылдамдықтағы темір жол магистралінің құрылысын бастау жоспарланған, деді Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.
Елге жат ағым - «Таблиғи Жамағаттың» қызметі Қордайдағы республикалық конференцияда талқыланды
Бүгін Жамбыл облысының Қордай ауылында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі мен Жамбыл облысының әкімдігі бірлесе отырып «Таблиғи Жамағат - елге жат ағым» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
29 Наурыз, 2013 00:00
Орталықтан жергілікті органдарға құқықтар беруді көздейтін басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізу қажет – Сенат Төрағасы
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми облыстардың, Астана және Алматы қалалары мәслихаттарының хатшыларымен кездесті, деп хабарлады «Стратегия» ресми сайты.
Павлодарда ТМРА басшысының қатысуымен өткен «дөңгелек үстелге» қатысушылар тұтынушылар құқығын қорғау мәселелерін талқылады
Павлодарда өткен бүгінгі «дөңгелек үстел» отырысы мемлекеттік саясаттың басымдықты бағыты ретінде тұтынушылар құқығын қорғауға арналды, оны ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Мұрат Оспанов жүргізді, деп хабарлады оның баспасөз қызметі.
Минскіде Наурыз мерекеленіп, Қазақстанның халықаралық бастамаларына арналған фотокөрме ашылды
Минск қаласында Беларусь ұлттық техникалық университетінің бас ғимаратында ҚР елшілігінің ұйытқы болуымен Наурыз мерекеленіп, оның барысында Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық бастамаларына арналған фотокөрме ашылды.