ОКҚ-нің баспасөз конференциясына Салық комитетінің Төрағасы Ә. Жұмаділдаев, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғ. Әмрин, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Төрағасының орынбасары Н. Сәдуақасов қатысады
24 қазан күні сағат 12:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Әнуар Жұмаділдаев, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғосман Әмрин, сондай-ақ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасовтың қатысуымен брифинг өтеді. Онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 11 қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы айтылады.
24 Қазан, 2013 10:00