Қазақстандықтар табиғи байлықтарын мақтан тұтады
Қазақстан – Еуразиядағы ең ірі табиғи өңірлердің бірі. Мұндағы табиғат өзіндік ерекшеліктерге толы. 1866 жылы зерттеуші И.В.Мушкетов Орта Азия мен Қазақстанды «өз алдына бөлек материк» ретінде сипаттаған. Қазақстан табиғаты адамды таң қалдырмай қоймайды. Соның нәтижесінде осы жерден ұлы ақындар мен сазгерлер, суретшілер түлеп шығып, тамаша өнер туындыларын қалдырды. Әр қазақстандық Бурабайды, Каспий теңізін, Іле Алатау шыңдары мен Алтайды мақтан тұтады. Мұның барлығы елдің бетке ұстар байлығы.
29 Қараша, 2013 14:42