Қызылорда облысында 2013 жылы кедендік салық пен төлем көлемі 17,3 млрд теңгені құрады
Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті 2013 жылдың 12 айында мемлекет бюджетіне 17 млрд. 331 млн. 960 мың теңге кеден баждары мен салықтарын түсіріп, жоспарлы тапсырманы 101,5 пайызға орындады. Төлемдердің негізгі үлесін қосымша құн салығы мен әкету кеден бажы құрайды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
13 Қаңтар, 2014 17:31