2014 жылы Қазақстанның батыс және шығыс өңірлері цемент импортынан толықтай бас тартуы мүмкін
Жылына 1 млн тонна өнім беретін Маңғыстау облысындағы «Каспийцемент» АҚ мен жылына 2 млн тонна өнім беретін Ақмола облысындағы «Көкшецемент» АҚ өндірісінің іске қосылуы импорттан толықтай арылып, экспорт көлемін арттырып, маусымаралық мезгілдерде елдің шығысы мен батысындағы баға қымбаттауының алдын алуға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.
15 Қаңтар, 2014 11:20