Миланда «Алуан түрліліктегі тұтастық. Бүгінгі Қазақстанның этникалық топтары, діндері мен мәдениеттері» монографиясының тұсаукесері өтті
Леонардо да Винчидің қолжазбалары, суреттері мен сызбалары сақталған атақты "Амброзиана" кітапханасы залдарының бірінде ҚР Елшілігі итальяндық ISAG Геосаясат және сабақтас пәндердің жоғарғы мектебі институтымен бірлесіп, «Алуан түрліліктегі тұтастық. Бүгінгі Қазақстанның этникалық топтары, діндері мен мәдениеттері» монографиясының тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел өткізді. Аталған монографияны «Еуразия» бағдарламасы шеңберінде ISAG институтының сарапшылары мен ғылыми қызметкерлері әзірледі.
5 Наурыз, 2014 11:00