Б. Байбек Тәжікстанның Халықтық-Демократиялық партиясының делегациясымен кездесті
Тәжікстанның Халықтық-Демократиялық партиясы Қазақстанға сапары аясында түске дейін ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайында және «Нұр Отан» партиясы Республикалық Қоғамдық қабылдау бөлмесінде болып, онда оларға «Электрондық» партия» жобасы, сондай-ақ, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жаңа жұмыс қалыбы таныстырылды. Сондай-ақ, ТХДП делегациясы Ұлттық ғылыми медициналық орталығының жұмысымен танысты.
Күннің екінші жартысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен кездесу өтіп, партияаралық өзара қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.
23 Сәуір, 2014 09:30