«Қазақстан-2050» терминологиялық анықтамалығында негізгі тезистер топтастырылған – Қ.Дайырбеков
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айтылған негізгі анықтамалар мен тезистер негізгі ғылыми, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, саяси және тарихи терминдерден тұратын «Қазақстан-2050» терминологиялық анықтамалығында топтастырылған. Сонымен қатар, бұл анықтамалықта «Қазақстан-2050» Стратегяисына да түсініктеме берілген, - дейді Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау мен сараптама департаментінің сарапшысы Қанат Дайырбеков.
20 Мамыр, 2014 15:49