Маңғыстау облысында бағаны тұрақтандыру шаралары талқыланды
Маңғыстау облысының әкімдігінде монополияға қарсы заңнаманың нормаларын түсіндіру, облыстың монополияға қарсы инспекциясының қызметі, бизнестің жай-күйі және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тежеу бойынша жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын шаралар мәселелері жөнінде кеңес өтті. Кеңеске Агенттік төрағасының орынбасары Т. С. Баймұханов, облыс әкімінің орынбасары Ш. Л. Ильмуханбетова, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бизнес құрылымдардың өкілдері қатысты.
10 Шілде, 2014 11:27