Қостанай облысында жылу есептегіш құралдарын орнатуға 562 млн. теңге бөлінді
Бүгін жалпы үйге ортақ жылу есептегіш аспаптарын орнату тетіктерін насихаттау жөніндегі арнайы көшпелі жұмыс тобы Қостанай облысына барды. Топтың құрамында Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің өкілдері, «ТКШ жаңғырту және дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ және «ТКШ дамыту қоры» ЖШС басшылығы болды, деп ҚР Өңірлік даму министрлігінен хабарлады.
16 Шілде, 2014 18:34