Вашингтонда Қазақстанның «Жаңа жібек жолын» дамытуға қосқан үлесі баяндалды
Вашингтондағы Қазақстан Елшілігінің бастамасымен Орталық Азия, Оңтүстік Азия және Кавказ елдеріндегі аймақтық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын қарастыратын дәстүрлі кездесуге АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Фатема Сумар және аталған аймақтардағы Үндістан, Пәкістан, Түркия, Грузия, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан мен Өзбекстан сияқты мемлекеттердің елшіліктерінен өкілдер қатысты, деп СІМ хабарлады.
1 Тамыз, 2014 12:23