Министр Ақмола облысындағы ауылдық денсаулық сақтау нысандарын аралады
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова Ақмола облысына жұмыс сапары барысында бірқатар денсаулық сақтау ұйымдарында: Астрахань аудандық ауруханасында, Атбасар ауданындағы Мариновка ауданаралық туберкулезге қарсы ауруханасында, Сандықтау аудандық ауруханасында, Шағалалы дәрігерлік амбулаториясында және облыстық онкологиялық диспансердің оңалту бөлімінде болды. Бұл туралы ведомсвтоның баспасөз қызметінен хабарлады.
2 Тамыз, 2014 10:32