Неміс публицисі Қазақстанның аймақтарын мемлекеттік тілді насихаттау мақсатымен аралайды
Бүгін Қазақстан-Ресей университеті ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік және Келісім жол картасы» мега-жобасы аясында «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты іс-шара өтті. Ол мемлекеттік тілді насихаттауға арналды және ауқымды шараға Қазақстан Республикасының тумасы, белгілі неміс мәдениеттанушысы, тарихшы-этнографы, публицист және қоғам қайраткері Якоб Фишер қатысты.
14 Тамыз, 2014 18:21