Астанадағы «AtamekenStartup» бизнес идеялар байқауына 200-ден астам кәсіпкер қатысуда (ФОТО)
Аталмыш байқау кәсіпкерге оның стартап-жобасын іске қосуға мүмкіндік береді. Байқаудың жүлде қоры бағалы сыйлықтар түрінде үш номинация бойынша 3 млн теңгені құрады.
«Бүгін біз Астанада бизнес идеялар байқауы «AtamekenStartup» сайысын өткіземіз. Біз оны 2012 жылдан бері Астанада алғаш өткізгелі тұрмыз, оның үстіне ол республикалық деңгейдегі сайыс. Оның басты ерекшелігі ол үш номинация бойынша өткізіледі және жүлде қоры 3 млн теңгені құрады», - деді «AtamekenStartup» ҚҚ директоры Нұрлан Тазабеков.
Сонымен қатар, Қор директоры байқаудың үлкен жетістікке жеткенін және жастардың оны күтетінін тілге тиек етті.
«Байқауға қатысуға 200 астам адам тіркелді. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Оны ҰКП ұйымдастырады және ол өз тарихын 2012 жылдан бастап келеді. Осы уақыт аралығында дәл осындай 29 шара өткізілді. Кейбір қалаларда мұндай байқаулар үш реттен өтті. Байқау үлкен табысқа жетті және жастар бізді жыл сайын үлкен ықыласпен күтеді», - деп сендірді Н. Тазабеков.
5 Қыркүйек, 2014 18:19