Алматыда француздық капиталдың қатысуымен 85 кәсіпорын тіркелді - әкімдік
Алматыда француздық капиталдың қатысуымен 85 кәсіпорын тіркелсе, 30 кәсіпорын екі тараптың бірлесуі арқылы жұмыс істеуде. Алып шаһар мен Францияның тауар айналымы 2013 жылы 27% өсіп, 527 млн АҚШ долларын, ал 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында 254,6 млн АҚШ долларды құрады, бұл туралы Алматы әкімі Ахметжан Есімов Францияның халықаралық қатынасты одан әрі дамыту және сыртқы сауда, туризмді алға жылжыту, шетелдегі француздар мәселелері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Маттиас Фекльмен кездесуінде айтты.
16 Қазан, 2014 18:36