Қызылордалық полицейлерге су жаңа 50 темір тұлпар берілді
Қызылорда облысында ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында, биыл облыс әкімінің қолдауымен жергілікті бюджет есебінен 184 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, оған аталмыш 50 дана «УАЗ-31519» арнайы патрульдік автокөліктер, 36 дана автокөліктегі транкингтік радиостанциялар және 50 дана автокөліктегі бейнетіркеуіштер сатып алынды. Су жаңа көліктердің кілтін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ІІД қызметкерлеріне салтанатты түрде тапсырды, деп әкімдіктен хабарлады
18 Қазан, 2014 11:35