600-ден астам медицина маманы шетелде білімін арттырды– ДСӘДМ
Соңғы 3 жыл ішінде республикалық ұйымдарда 100 мыңнан астам маман біліктіліктерін арттырды. Шетелдерге 600-ден астам отандақ маман оқуға жіберілді. Олар негізінен: Жапония, АҚШ, Германия, Франция, Дания, Корея және басқа елдерге барып, білім алып қайтты. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі Салидат Қайырбекова ШҚО-ға барған жұмыс сапары барысында айтты.
22 Қазан, 2014 09:17