Елбасының «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саяси бағыты – елдігіміздің ертеңі
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жылдағыдан ерте жариялады. Ерте жариялау себебі, 2007 жылы басталған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс әлі де созылуда, оның салдары барлық мемлекеттерге саяси-экономикалық әсерін тигізуде. Бүгін«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясатын жария етті, деп мәлімдеді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ директоры Қарлығаш Дүбірбекова.
13 Қараша, 2014 17:07