«Нұрлы жол» халықтың әл-ауқатын барынша арттыруға бағытталған
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы шет елдерде айтарлықтай резонанс тудырды. Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы күш-жігері мен жетістіктеріне, сондай-ақ әлемдегі ұзаққа созылған саяси және экономикалық тұрақсыздық кезеңінде қабылданған шешімдеріне бірқатар көрнекті саяси қайраткерлер, беделді сарапшылар мен шолушылар, іскер қауым өкілдері жоғары баға берді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
27 Қараша, 2014 16:13