Кәсіпкерлік қызметтерге арналған шарттарды жақсарту туралы заң жобасы бойынша депутаттардан 1300 шақты ұсыныс келіп түсті
«Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтерге арналған шарттарды түбегейлі жақсарту мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы бойынша 1293 ұсыныс келіп түсті. Соның ішінде 766-сы қабылданып, 115-і кері қайтарылды, дейді Парламент Мәжілісі төрағасы орынбасары, Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаева аталмыш заң жобасы бойынша өткен жиында.
2 Желтоқсан, 2014 16:31