Н.Назарбаев 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға бағытталған «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
11 Наурыз, 2015 18:54