Е.Ыдырысов: Қазақстан, Германия және Франция көпжақты форматтағы диалогты кеңейтеді
Орталық Азиядағы өңірлік мәселелерді, атап айтқанда, қауіпсіздік, экономика, су ресурстарын пайдалану және экологияны қорғау, транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту және дүниежүзі шаруашылығының байланыстарына өңірдің тартылу деңгейін арттыру салаларындағы мәселелер шешімінде Қазақстан Германия және Франциямен ынтымақтастықты кеңейтуге елеулі әлеуеті бар. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанада өткен Германия және Францияның Орталық Азия, Ресей, Қытай, Ауғанстан елдеріндегі және Еуропалық Одақ жанындағы елшілерінің бірлескен конференциясы барысында мәлімдеді.
31 Наурыз, 2015 11:23