Қазақстанда жергілікті жерде өндірілген тауарларды сатып алу көлемі 6 триллион теңгені құрайды
Қазіргі таңда жалпы сатып алу мөлшері 9 триллион теңгенің көлемінде, оның ішінде жергілікті қамтумен қамтамасыз етілгендері 5,9 триллион теңге. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы Бейбіт Атамқұлов 315 отандық өнім өндіруші кәсіпорындар мен 755 ірі компаниялардың, шағын және орта бизнестің, құзырлы мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері қатысып жатқан VI «Қазақстандық өнім жасаймыз» форумында мәлім етті.
15 Сәуір, 2015 11:30