- Басты
- Отанға қызмет етуде уақытпен санаспаймыз – Е.Шайкенов
Отанға қызмет етуде уақытпен санаспаймыз – Е.Шайкенов
6 Мамыр, 2020 12:39
Полиция полковнигі Еркін Шайкенов 25 жыл, яғни 1995 жылдан бастап ішкі істер органдарында жұмыс істейді. 2016 жылғы сәуірінен бері ол ІІМ Тергеу департаменті Аймақтық бақылау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы болып қызмет етіп жүр. 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Е.Шайкенов Отан алдындағы қызметтің жауапкершілігі туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Ішкі істер органдарындағы 25 жыл қызмет ету кезінде Е.Шайкенов өзін заң тұрғысында сауатты, ұйымдастырушылық қабілеті бар жауапты қызметкер ретінде көрсетіп үлгерген.
Оның айтуынша, күнделікті жұмыс талапшылдық пен принципшілдікті қажет етеді.
« Құқық қорғау органдарының қызметін регламенттейтін нормативтік құжаттармен жұмыс істейміз. Бұл жұмыс кәсіби деңгейді үнемі нығайтуды қажет етеді. Біз мемлекетке, халыққа қызмет етіп жүргендіктен, елдің тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігін қорғауға келгенде уақытпен санаспаймыз. Қарапайым халық демалып жатқанда, біздің жұмыс керсінше еселене түседі», - деді ол.
Е.Шайкенов айтқандай, қызмет бабымен елдің бірқатар өңірлерінде де жұмыс істеген.
«Мен Ақмола облысы, Зеренді ауданының тумасымын. Ішкі істер органында қызмет ету барысында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жұмыс істеп көрдім. Жыл санап тәжірибемді арттырып, кейін Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық аппаратқа келдім», - деді ол.
«Елім маған не берді деп емес, мен еліме не бердім» деп еліне ерен еңбегін сіңіріп жүрген полиция полковнигі мемлекет те өз қызметкерлеріне барынша жағдай жасап жатқанын айтты.
«Полиция мәртебесі көтеріліп жатыр. Жалақымыз да өсті. Мәселен, менде елордада пәтерім жоқ. Алайда, мемлекет әр отбасы мүшесіне қолдау көрсетеді. Мемлекеттің бізге қатысты жүйесі жетілдіріліп жатыр. Болашақта бұл мәселелер де шешіледі деп ойлаймын. Денсаулық мәселесіне қатысты бірқатар жеңілдіктер де бар. Жалпы, бір сөзбен айтқанда мемлекет қамқорлығынан кенде емеспіз», - деді ол.
Сондай-ақ, Е.Шайкенов әріптестері мен барша қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
«7 мамыр Отан қорғаушылар күні - елдегі маңызды мерекелердің бірі. Ата-бабаларымыз бізге бейбіт күннің астында өмір сүру мүмкіндігін алып берді. Осы бейбітшілік пен келісімді сақтауға үлесімізді қосу керек. Ер азаматтар ел басына күн туғанда атқа мінуге әркез дайын болу керек деп есептеймін. Өз Отанының патриоты болу тек қана ер азаматтарға емес, елдің әрбір тұрғынына міндет деп есептеймін. Елдегі бейбітшілік пен келісім мәңгі сақталсын. Бейбіт күннің астында өмір сүру ұрпақтан ұрпаққа жалғасуын тілеймін», - деді ол.
автор:
Аягөз Құрмаш
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды
-
Қазақстанда полиция қызметін модернизациялау процесі қалай жүріп жатыр
-
Полиция қызметкері: Жанып жатқан үйге кездейсоқ жолықтық
-
Саясаттанушы: Сайлау – Қазақстанның идеологиялық, демократиялық дамуының белгісі
-
ІІМ басшысы қызметте көзге түскен полицейлерді марапаттады
-
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды
-
Адам құқықтары – жаһандық және ұлттық басымдық

