• Басты
  • Жаңалықтар
  • Осы кезеңге тағы да саяси сараптама жасап, рухани баға беретін кез келді - сарапшы

Осы кезеңге тағы да саяси сараптама жасап, рухани баға беретін кез келді - сарапшы

30 Мамыр, 2020 11:28
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.Қоғам, ел көкейінде ұстап жүрген, әр-бір қазаққа қатысты дұрыс қадам. Бұл туралы Президенттің бүгінгі үндеууіне қатысты саясаттанушы Ерлан Саиров білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
«30-жылдардағы қазақ қоғамының трагедиясы мен драмасы әлі өзінің тарихи бағасын алған жоқ.Рухани, генетикалық тұрғыдан кемелденген, саны да, сапасы да өсіп келе жатқан ұлт 30- жылдары терең рухани, адами түнекке кіріп кетті.Адамдардың көзі тұмшаланып, жүрегі мұздаған кезеңге аяқ бастық.Ашаршылық, жаппай репрессия қазақ халқының санын ғана ойсыратқан жоқ, ұлттық сананы деформация жасауға қабілетті болды», - деді ол.

Оның айтуынша, адамдар бір-біріне күдікпен қарап, "аяқ астынан" жау іздейтін әдетке көшті, халықтың дархан көңілі, ашық ниеті бір мезет құрдымға кетті.

«Халықтан ес кетіп, барлығының мән-мағынасы жоғалғандай кезеңге тап болдық.Саяси репрессиялар халқымыздың "сүт бетіндегі қаймақтарын" опырып түсті. Елге бағыт-бағдар беретін, сүйемелдейтін рухани күштен айрылған халық та абдырап қалды.Осы кезеңге тағы да саяси сараптама жасап, рухани баға беретін кез келді.Саяси репрессиялар құрбандарын реабилитация жасау жөніндегі мемлекеттік комиссия, салмақты-салиқалы түрде, эмоциясыз осы кезеңге баға бере отырып, болашақта осындай зобалаңның болмасына кепілдік болатын тетіктер жасайды деген сенімдеміз.Дұрыс, уақтылы, қажетті қадам», - деді ол.
Барлық жаңалықтар