• Басты
  • Қостанай облысының әкімі: Стационарларда дәрі-дәрмек жеткілікті
9 Шілде, 2020 19:00

Қостанай облысының әкімі: Стационарларда дәрі-дәрмек жеткілікті

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады, - деп хабарлайды Strategy2050.kz.


Қостанай облысының әкімі: Стационарларда дәрі-дәрмек жеткілікті
Өңірде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешілген, стационарлар мен дәріханаларда барлық қажетті препараттар бар. Дәрі-дәрмектерді сатып алу және жөнелту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл мәселелер менің жеке бақылауымда. Облыс тұрғындарының мазасыздануына еш себеп жоқ, біздің медициналық ұйымдарда медициналық және індетке қарсы іс-шараларды жүзеге асыру үшін емдеу хаттамасымен ұсынылатын дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоры бар, - деді А.Мұхамбетов.

Аймақ басшысы облыс ауруханаларындағы төсек-орындар жайлы да айтты.

Қазіргі уақытта Қостанай облысында инфекцияға қарсы күресу үшін 1 668 төсек-орын бар немесе облыстың барлық төсек-орын қуатының 36%. Оның ішінде 584 инфекциялық төсек-орын, яғни коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарға арналған. 1 084 провизорлық төсек-орын – ауруға тән симптомдары бар науқастарды оқшаулауға арналған, олардың 72% пайдаланылуда. Медицина қызметкерлері қажетті жеке қорғаныш құралдарымен, жабдықтармен, инфекцияны емдеуге арналған дәрілік заттармен қамтамасыз етілген, - деп мәлімдеді әкім.
Барлық жаңалықтар