• Басты
  • Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау

Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау

28 Шілде, 2021 11:55

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаңында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов 2021 жылдың 6 айында департамент 42 қылмысты, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 39 қылмыс анықталғанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары

Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасовтың мәліметінше, Қостанай облысы сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан келтірілген залалды өтеудің 99,9% - ына қол жеткізген. Соның ішінде, 2021 жылдың 6 айында департамент 42 қылмысты, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 39 қылмысты анықтаған. Ал өткен жылдың ұқсас кезеңінде 86 қылмыс, оның ішінде сыбайлас жемқорлық 73 қылмыс анықталғанын атап өтті.

«Қылмыстық жауапкершілікке 22 адам тартылды, оның ішінде әртүрлі деңгейдегі 7 басшы, ал өткен жылы 5 басшы тартылды. Бұл ретте, залалды өтеу 2 есеге, өткен жылғы 330 миллион теңгеден осы жылы 706 миллион теңгеге дейін ұлғайды. Өтеу 99,9% – ды құрайды», - деді Қуаныш Бекбасов.

Оның мәлімдеуінше, мұндай нәтижелерге кең ауқымды алдын алу жұмысының арқасында қол жеткізілген. Сондай-ақ, жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сыртқы және ішкі мониторинг шеңберінде жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылып жатырғанын атап өтті. Облыста ұжымдармен кездесулер форматында қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабы бойынша енгізілген ұсынымдар шеңберінде түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі.

«Ағымдағы жылдың 6 айында мемлекеттік органдарға ҚР ҚПК 200-бабы шеңберінде қылмыстық және басқа да құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою бойынша осындай 27 ұсыныс жіберілді. Оның 5-і Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында қаралды», - деді ол.

Ол қарау нәтижелері бойынша тәртіптік жазалар туралы сондай-ақ атқаратын лауазымдарынан босатуға дейінгі шешімдер қабылданатынын айтып өтті. Соның ішінде комиссия отырыстарының бірі теріс себептермен жұмыстан шығарылған Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының бұрынғы басшысы және шешіммен келіспей, сотқа жүгінін атап өтті. Алайда, 2021 жылдың 30 маусымында Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық соты талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарған.

Оның айтуынша, мұның барлығы құқықтық сауаттылықты арттыруға, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа "мүлдем төзбеушілік" қағидатын әзірлеуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жоюға оң әсер ететінін жеткізді.

Пандемия кезіндегі қылмыс                                     

Сондай-ақ, жалпы пандемия еліміздің әр азаматының өміріне түзетулер енгізгенін атап өтті. Алайда оңтайлы жақтары да болған. Оның айтуынша, осы қиын кезеңде мемлекеттік органдармен өңірдегі қоғамды ұйымдар бірлесіп жұмыс істей алған. Жасалған жұмыс шеңберінде дәріханалар мен сауда орталықтарында сұранысқа ие дәрі-дәрмектің бар болуы, сондай-ақ бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағаларын шектен асырмау бойынша кешенді мониторинг жүргізілгенін жеткізді.

Оның сөзінше, осылайша азық түлік тауарлары мен дәрі-дәрмектің бар болуы туралы халықты сапалы ақпараттандыру, әлеуметтік шиеленістің төмендеуіне ықпал еткен. Сондай-ақ, алыс-жақын шетелдерден гуманитарлық көмек алу және оларды бөлудің ашықтығы қамтамасыз етілген.

Жедел-жәрдем қызметкеріне байланысты қылмыстық іс

«Өкіншке орай, пандемия аясында баю ниетімен өзінің жеке мүддесін бірінші орынға қойғандар да болды. Сәйкесінше, бұл бағытта мұндай адамдарды анықтау бойынша үлкен жұмыстар жүргіздік. Қазіргі таңда біздің іс жүргізуімізде облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық кезек күттірмейтін жедел жәрдем станция мекемесінің аудандық кіші станциясының фельдшеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деді Қуаныш Бекбасов.

Оның айтуынша, аталған фельдшер жедел-жәрдем қызметкерлерінің еңбекақысынан үстемақы алғаны үшін, Covid картасына қол қойғаны үшін облыстық медициналық кезек күттірмейтін жедел жәрдем станциясының басшысына 2 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін пара беруге жүйелі түрде азғырған деген күдікте екенін жеткізді.

«Күдікке қатысты соңғы шешім оның кінә деңгейі анықталғаннан кейін сот арқылы қабылданатын болады. Біз өз кезегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жолын кесу және алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз», - деді ол.

Сонымен қатар, департамент басшысы өз сөзінде заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына тап болған әр азамат департаменттің кезекші бөліміне «914-222» нөмері арқылы немесе агенттіктің call-орталықтарына хабарласуға болатынын ескертті.

Бизнесті қорғау

Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасовтың мәлімдеуінше,бизнесті қорғау бойынша жоба шеңберінде департамент 50 сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойған. Осы компаниялардың инвестициялық қоржын жиынтығы 364 миллиард теңгені құрайды екен.

«2021 жылы инвесторлардан 18 өтініш келіп түсті, оның 7-і "Атамекен" палатасының проблемалық мәселелерінің өңірлік тізіліміне енгізілді. Іс жүзінде барлық өтініштер бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тікелей эфирде жауап берді», - деді ол.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»

Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасовтың айтуынша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қызметтің басты бағыттарының бірі болып саналатынын айтып өтті. Оның сөзінше, агенттіктің бастамасымен қазіргі таңда азаматтарды ақпараттандыру мен құқықтық сабақтастықты арттыру бағытында бірқатар жобалар іске асуда.

«Биыл "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру туралы ақпараттық - ағартушылық штаб өкілдері "Адал көмек" жобасы шеңберінде 400 бейнеүндеу жазылып таратылса, "Аntikor" жобалары аясында 470 сұхбаттасу мен бейнеүндеу жарияланған», - деді Қуаныш Бекбасов.

140-тан астам түсіндіру іс-шарасын ұйымдастырылған

Оның айтуынша, бұл арқылы күн сайын мыңдаған азамат көкейдегі сауалдарына сала мамандарынан толыққанды ақпараттандырылып, тегін құқықтық кеңес алуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар,арнайы мониторингтік топтар мен ақпараттық - ағартушылық штабтар мен жобалық кеңсе өкілдерімен тығыз қарым-қатынас жалғасуда.

«Мысал келтірер болсақ, ақпараттық штаб өкілдерімен тек биыл ғана 25 мыңнан астам адамды қамтитын 140-тан астам түсіндіру іс-шарасын ұйымдастырылды. Жалпы ақпараттық жұмыс нәтижесінде 1137 іс-шара өткізілді, оған күн сайын 791 485 азамат қатысты», - деді ол.

Сонымен қатар, лблыстың барлық қалалары мен аудандарында соның ішінде қалалық, аудандық, селолық деңгейде «Көмек алаңы» атты фронт-кеңсесі ашылған. Оның айтуынша, алдыңғы жылы осы бағытта облыс басқармалары да ат салысқан. «Жер адалдық алаңы» мен «Әлеуметтік адалдық алаңы» атты фронт кеңселері ашылған.

«Облысымызда 596 мемлекеттік органдар және ауылдық әкімдіктерге өз-өзіне қызметтер көрсету бұрыштары ұйымдастырылды. Оның ішінде, 130 аулдық округтерте орналастырылды», - деді департамент басшысы.

«Ашық бюджеттер интерактивті картасы»

Оның айтуынша, тағы да бір ерекше жоба «Ашық бюджеттер интерактивті картасы» екенін атап өтті. Ондағы негізгі мақсат кез келген азамат аталған карта арқылы онлайн режимде бюджет қаржысын игерілуіне көз жеткізе алады.

Сонымен қатар, бұзушылық анықталған жағдайда құзыретті органдарға хабарлауға толық мүмкіншілік бар екенін атап өтті. Жоба порталында Қостанай облысы бойынша 984 мемлекеттік органдармен оларға қарасты ұйымдар тіркелген.

«Осы жоба жүзеге асқаннан бастап, жалпы 740 миллиард теңгені құрайтын 6297 бюджеттік бағдарламалар жарияланған.Бұл негізгі бағыттардың бірі ғана.Сондықтан біз кешенді шараларды одан әрі жалғастыратын боламыз», - деді Қуаныш Бекбасов.

Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайын жою

Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов, жаңа заңнама аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау институты 2015 жылы пайда болғанын еске салды. Оның айтуынша, биылғы жылы департамент мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 4 сыртқы талдау жүргізді жүргізген. Талдау қорытындысы бойынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің 63 түрі анықталған,

«Оларды жою мақсатында жыл басынан бері 45 ұсыным енгізілген.Қазіргі таңда соның басым бөлігі орындалды. Өзгерістер енгізу үшін салалық нормативтік актілерге бірқатар ұсыныстар енгізілді»,- деді Қуаныш Бекбасов.

Сонымен қатар, ағымдағы жылда мемлекеттәк сатып алу порталында жүргізілген кешенді мониторинг арқасында жарты миллиардан астам бюджеттік қаражат үнемделген. Сондықтан мемлекет басшысының жолдауын іске асыру барысында іс шаралардың жалпы ұлттық жоспарын орындау аясында Қостанай облысының 506 мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдаулары жүргізілген. Олар қалалар мен аудандықтардың әкімдіктеріның басқармалары сондай-ақ, ауылдық әкімдер қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 613 ұсыным анықтап және оларды жою бойынша 1000-ға жуық нұсқаулықтар енгізілгенін атап өтті.

«Бұл салалық заңдардың проблемалық мәселелерін көтеруге және мемлекеттік органдардың ішкі проблемаларын көруге мүмкіндік берді. Ал, бұл айтарлықтай көмек, сыбайлас жемқорлықтардың туындататын себептер мен жағдайлардан құтылар едік»,- деді Қуаныш Бекбасов.

Ауыл шаруашылық саласын субсидиялау

Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасовтың сөзінше, Қостанай облысында ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау қызметіне талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі таңда еліміз бойынша ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау қызметін сараптау жүріп жатыр. Аталған салада сыбайлас жемқорлықтың орын алу қаупі басым, сондықтан да тексеру, анықтау жұмыстары қолға алынды»,- деді ол.

Оның айтуынша, облыста ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамыған. Соның ішінде, соңғы 5 жылдың ішінде Қостанай облысында ауыл шаруашылығын субсидиялауға 150 мрлд теңгеден астам қаржы бөлінгенін атап өтті. Сараптама жүргізу жұмыстарына құзырлы органдар өкілдерімен қатар сала сарапшылары шақыртылғанын жеткізді.

Сонымен қатар, сараптама жұмыстары аяқталған кейін оның қорытындылары ашық жарияланатынын атап өтті. Алайда, сараптама жұмыстарының қорытындысы туралы айтуға әлі де ерте екенін жеткізді. Себебі, жұмыс әлі аяқталмаған.

«Дегенмен қазіргі уақытта субсидия беру саласында жұмыстың ашық жүргізілмейтіні байқалады. Ол туралы бізге кәсіпкерлердің өзі де айтып жатады, әсіресе субсидияны ресімдеу процесінің қиындығын алға тартады. Сол секілді koldau.kz, plem.kz сайттарының қызметіне ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер тарапынан шағымның барын аңғартып отыр»,- деді Қуаныш Бекбасов.

Оның айтуынша, бұдан бөлек субсидия алуда нормативтік актілердің жиі өзгеретіні айтылады. Нақтылар болсақ, субсидия алғысы келген қарапайым шаруалар толықтырулар мен өзгерістерді түсініп үлгермейді екен.

«Біздің мақсат – осы мәселелерге талдау жүргізіп, түйінді шешу. Осы орайда белсенді азаматтарды мәселені бірлесіп шешуге шақырамыз», - деп қорытындылады Қуаныш Бекбасов.

Барлық жаңалықтар