- Басты
- Жаңалықтар
- ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындылары жөнінде баспасөз мәжілісі өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Жиында ҚР ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина мәжіліс сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Оның мәліметінше, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29 %, «Nur Otan» партиясы 71,9 %, «ADAL» саяси партиясы 3,57 %, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 10,95 % және «Қазақстанның Халық партиясы 9,1 пайыз дауыс алған.
Айта кетейік, бұған дейін бірқатар институт зерттеуін жариялады. Қоғамдық пікір институты Еxit poll нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 5,75 %-ы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына, 71,97 %-ы «Nur Otan» партиясына, 3,07 %-ы «ADAL» саяси партиясына, 10,18 %-ы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына, 9,03 %-ы «Қазақстанның Халық партиясына» дауыс берген.
«Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясының жобалар бойынша директоры Татьяна Башарина берген дерек бойынша, сауалнама алушылар 500 сайлау учаскесінде жұмыс істеді. Оның 263-і қалалық, 237-ауылдық елді мекендер. Жалпы саны 20 мың сайлаушыдан сауалнама алынған. Олар жасаған Exit poll нәтижесі бойынша, «Nur Otan» партиясы – 72,01%, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 4,93 %, «ADAL» саяси партиясы – 3,25%, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,27 %, «Қазақстанның Халық партиясы – 9,54 % дауыс берген.
"Астана зерттеу" қоғамдық қорының өкілдері берген Exit pool нәтижелері бойынша, «Nur Otan» партиясы – 73,75%, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 4,8 %, «ADAL» саяси партиясы – 3,15 %, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,13 %, «Қазақстанның Халық партиясы – 8,17 %-ы дауыс берген.
Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты және уәкілетті органдардың ұсынымдарына сәйкес брифинг қашықтықтан өтті.
Назерке Сүйіндік
фото:
ҚазАқпарат мұрағатынан
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ»