• Басты
  • ҰОС-та қаза болған және хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздеу үшін сайт ашылды
31 Қазан, 2019 14:18

ҰОС-та қаза болған және хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздеу үшін сайт ашылды

Ұлы Отан соғысында қаза болған, хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздестіру үшін арнайы сайт ашылды. Бұл туралы "Atamnyn amanaty" қоғамдық бірлестігінің Басқарма басшысы Мұрат Молдағалиев аталған бірлестіктің жұмысымен таныстыру мақсатында өткен баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

ҰОС-та қаза болған және хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздеу үшін сайт ашылды

"Қайырымдылық негізде бизнесмендердің қолдауымен ҰОС-та қаза болған және хабарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлерді іздестіру үшін арнайы сайт жасалды. Кез-келген азамат http://ata-amanaty.kz/ сайтына кіріп, белгіленген бөлімде соғыстан қайтпаған туыстарының аты-жөнін қалдырып кете алады. Екі ай ішінде 300 өтініш түсті. Ондағы 42 адамның тағдырын анықтап үлгердік. Қысқа мерзім ішінде жауынгерлер жерленген жеріне екі рет отбасының сапары ұйымдастырылды. Сондай-ақ бір қазақстандық жауынгердің денесі табылып, елге қайтарылды. Ол туған жеріне жерленді", - деді ол.

Сондай-ақ ол биыл елімізде екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан  және хабарсыз кеткен қазақстандық майдангерлердің жерленген жерін іздеу мақсатында құрылған "Atamnyn amanaty" қоғамдық бірлестігінің жұмысына тоқталды. Оның айтуынша, қазақстандықтар соғыста мерт болған туыстарының денесін, жерленген жерін табуға әлі де үмітті.

"Биыл мамыр айында қазақстандықтардың өтініші бойынша "Atamnyn amanaty" қоғамдық бірлестігі құрылды. Біздің мақсатымыз - соғыста қаза тапқан  және хабарсыз кеткен қазақстандық майдангерлердің денесін, жерленген жерін іздеу. Ресми статистика бойынша, Қазақстан аумағынан 1 жарым миллион қазақстандық соғысқа аттанып, 600 мыңы оралған жоқ. Ал сол 600 мыңның 270-і із-түссіз жоғалып кетті. Әлі күнге олардан ешқандай мәлімет жоқ. Олардың ұрпақтары халықтың шамамен 3 миллионын құрайды. Олардың отбасылары туыстарының денесін табуға әлі де үмітті. Қазақ үшін ата-бабасы мен ұрпағы арасындағы байланыс өте маңызды", - деп атап өтті бірлестік басшысы. 

Сонымен қатар Мұрат Молдағалиевтің сөзіне сүйенсек, бүгінгі күні мұндай іздестіру жұмыстарын біз ғана емес, Ресей, Украина, Беларуссия секілді мемлекеттер де қолға алған.

"Негізі еліміздің аумағында соғыс болған жоқ. Дегенмен, іздеу жұмыстары кезінде неміс ұшақтары БҚО аумағына келіп, аймақты бомбалағаны анықталды. Сөйтіп, биыл жазда зерттеу кезінде батысқазақстандық іздестіру тобы 42 жауынгер денесінің қалдықтарын тапты. Алайда, жерлеуге мүмкіндік болмаған. Қазақстанда 72 әскери аурухана болған. Олар Беларуссия, Украина, Ресей секілді елдердің жауынгерлері екенін анықтадық. Демек, әскери ауруханаға жетеміз дегенде қаза тапқан болуы керек. Қазір мұндай іздестіру жұмыстары бізде ғана емес, Ресей, Украина, Беларуссияда да жүргізіліп жатыр. Біз олармен тығыз байланыстамыз", - деді ол.

Екінші дүниежүзілік соғыс Еуропа аумағын да қамтығаны тарихтан белгілі. Бірлестік басшысының айтуынша, қазір ТМД елдерімен ғана емес, сондай-ақ  Еуропадағы басқа да шетелдік елшіліктермен солардың территориясында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді іздестіру мақсатында келіссөздер жүріп жатыр. 

"Ұлы Отан соғысы Еуропаның да аумағын қамтыды. Қазір біз шетелдік елшіліктерімен бірігіп сол жақта қаза тапқан қазақстандықтарды іздестіріп жатырмыз. Бізге деректер беру арқылы көмектесуде. Мәселен, Финляндия мемлекетінің елшілігі бізге қаза тапқан қазақстандық болуы мүмкін деген 38 жауынгердің тізімін берді. Онда олардың аты-жөндері бар, яғни, қазақ есімдеріне ұқсайтын адамдардың тегі мен атын жіберді. Ендігі мақсат - олардың туыстарын табу", - деп атап өтті.

Бұдан бөлек, баспасөз мәжілісіне қатысқан ҰОС-тың қатысушысы, қазақстандық жауынгер Мазыбаев Сүйінбайдың ұрпағы Марс Нүкеев атасының денесін іздестіріп, оны елге әкелуге көмектескен "Atamnyn amanaty" бірлестігіне алғысын білдірді.

"Ұлы Отан соғысы кезінде әр қазақтың үйінен азаматтар соғысқа кетті. Олардың қатарында менің нағашы атамның да шаңырағы бар еді. Ол отбасыдан үш адам соғысқа аттанды. Атам мен әжемнің үш ұлы да соғыстан оралмады. Менің нағашы атам мен әжем ұлдарын күтумен өмірден өтті. Осы "Atamnyn amanaty" бірлестігінің қатысуымен Ресей Федерациясының Воронеж облысы аумағынан  менің атам Мазыбаев Сүйінбайдың сүйегі табылды. Атамның денесін туған жері Алматы облысы, Ұйғыр аудынында жерленді. Көмектескені үшін бірлестікке алғыс білдіремін", - деді батырдың ұрпағы.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды