• Басты
  • ҰОС қатысушыларына 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді
5 Мамыр, 2020 16:30

ҰОС қатысушыларына 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді

Ұлы Отан соғысы (ҰОС) қатысушыларына 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді. Бұл туралы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

ҰОС қатысушыларына 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді

Ерлан Әукеновтың сөзінше, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi өңiрлер мен республикалық маңызы бар қалaлардың әкімдiктеріне ҰОС-дағы Жеңiске үлес қосқан азаматтардың барлық санаттары үшін материалдық көмектің ең төменгі кепілдi шегін белгiлеудi ұсынған. 

"ҰОС қатысушылары мен мүгедектерiне барлық өңірлерде 1 млн теңге көлемінде бiржолғы материалдық көмек көрсетілді. Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына және концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына -50 мың тeңгеден кем емес беріледі. Қайтыс болған ҰОС мүгедектерiнiң әйелдерiне, ҰОС кезiнде қаза тапқан жауынгерлердiң жесiрлерiне және ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлерiне – 30 мың теңгеден кем емес бiржолғы материалдық көмек берiледi", – деді Ерлан Әукенов.


Оның айтуынша, республикaның 7 өңiрiнде төлемдер аяқталды.

"Еліміздің 7 аймағында, атап айтсам, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Қарағанды, Қызылoрда, Нұр-Cұлтaн, Aлматы қaлаларында төлемдeр жaсалды. Сoнымен қатар, Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 75 жылдығын мерекeлeу аясында ардагерлерге "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы" мерeйтойлық мeдaльдары, сондай-ақ дәстүрлі азық-түлік себеттері беріледі", - деді Ерлан Әукенов.


Вице-министрдің сөзінше, 2020 жылы 1 мaмырдағы жaғдай бойыншa Қaзақстaнда 1025 ҰОС қатысушылары мен мүгедектерi және 123 217 ҰОС-та жеңiске үлес қoсқaн басқа сaнаттaғы азаматтар тұрады.

"Өз елінің өткенін білу және құрметтеу, келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін Жеңісті жақындату жолында майданда соғысқан және тылда еңбек еткен ардагерлеріміздің ерліктерін ұмытпау – әрбір адамның парызы. Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атынан баршаңызды келе жатқан жарқын мереке – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! 75 жыл бойы ардагерлерге қамқорлық көрсету, олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі болып табылады", – деді Ерлан Әукенов.

Оның сөзінше, зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері жыл сайын ұлғаюда. 

"Мәселен, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлем мөлшері базалық зейнетақы бойынша 5 пайызға, ынтымақты зейнетақы бойынша 7 пайызға өсті. Ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төлемдердің мөлшері тағы 5 пайызға индекстелді. Нәтижесінде 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша алынатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері: ҰОС қатысушыларына – 164 542 теңгені, ҰОС мүгедектеріне – 169 762 теңгені, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға – 156 000 теңгені, ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 109 427 теңгені, ҰОС жылдарында тыл еңбеккерлеріне – 107 577 теңгені құрайды", - деді ол.

Сонымен қатар вице-министрдің айтуынша, ардагерлерге әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көрсетіледі. 

Ардагерлердің барлығы әскери қызметшілер үшін қолданылатын құқықтар мен кепілдіктерге ие. Жеңілдетілген бағдарламамен тұрғын үй алады, салық салу бойынша жеңілдіктері бар, медициналық қызмет көрсету және санаториялық-курорттық емделуден тегін өтеді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бюджеттік және тартылған (демеушілік) қаражат есебінен ардагерлерге өмірлік қиын жағдайда немесе мереке (атаулы) күндері материалдық көмек, тұрғын үйді жөндеу, отынмен қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтерді төлеу және қоғамдық көлікте жол жүру бойынша жеңілдіктер түрінде қосымша әлеуметтік қолдау түрлерін көрсетіледі", - деді Ерлан Әукенов.


Жалпы жыл сайын біржолғы материалдық көмек беру дәстүрге айналды. Оның айтуынша, Жеңістің 75 жылдығына орай жергілікті бюджеттерден осы мақсатқа 7,6 млрд теңге қарастырылған.

Азаматтардың келесі санаттарына жататын 124 242 адам үшін біржо лғы төлемдер қарастырылған: ҰОС қатысушылары мен мүгедектері (1025 адам), Қоршаудағы Ленинград тұрғындары (87 адам), концлагерлердің кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары (289 адам), қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) (4 866 адам), ҰОС кезінде қаза болғандардың жесірлері (15 адам), тыл еңбеккерлері (109 040 адам), ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа да адамдар (8 920 адам)", - деді ол.


Бұдан бөлек ол соғыс кезінде майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылғанын, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрамалар құрылғанын атап өтті. Оның сөзінше, жауынгерлік ерліктері үшін мыңдаған қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталып, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының батыры атанды. Төрт қазақстандық екі мәрте батыр атанды, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған.

Барлық жаңалықтар