• Басты
  • Орталық Азияның жас көшбасшыларына байқау жарияланды
24 Сәуір, 2020 17:22

Орталық Азияның жас көшбасшыларына байқау жарияланды

Еуразия Қоры Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түркменстанның 18 бен 30 жас аралығындағы жас көшбасшыларына арналған Орталық Азияның жас көшбасшылар академиясына (CAYLA) қатысуға арналған өтінімдер байқауын жариялайды, деп хабарлады Strategy2050.kz CAYLA-ға сілтеме жасай отырып.
Орталық Азияның жас көшбасшыларына байқау жарияланды

CAYLA Еуразия Қорының АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі Агенттігі қаржыландыратын Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау атты бесжылдық бағдарламасының бір бөлімі. Бағдарламаның мақсаты Орталық Азияда белсенді және жауапты азаматтық қоғамды қалыптастыру болып табылады.

CAYLA өз қауымдастықтарында позитивті дамуды ілгерілетумен айналысатын жас көшбасшылар мен қоғам қайраткерлерін оқытуға мүмкіндік береді. CAYLA арқылы жастар өз қауымдастықтарын қатыстыру мен көшбасшылықтың негізгі дағдыларына ие болады. Бұл дағдыларды олар болашақта CAYLA қатысушыларына арналған шағын гранттар бағдарламасы арқылы қауымдастықты дамытуға арналған жобаларда қолданатын болады.

«Біздің заманымыздың батырлары», яғни бүкіл Орталық Азияның ауылдары мен қалаларындағы өз қоғамының белсенді және жауапты мүшелері СAYLA-ға қатысуға тамаша кандидаттар болып табылады. СAYLA қоғамның позитивті дамуына өз үлесін қосуға қабілетті жас мамандарды, кәсіпкерлерді және басқа да жастарды біріктіруге ниетті.

Өтініш берушілер өтінішті сейсенбі, 5 мамыр, сағат 18:00 (Нұр-сұлтан), 17:00 (Душанбе, Ташкент және Ашхабад) кешіктірмей жіберуі тиіс.

Іріктеу үрдісі ашық және байқау негізінде құрылған, қатысушылар төменде көрсетілген критерийлерге сәйкес іріктелетін болады. Онлайн-өтінім өтінім беруші туралы негізгі ақпаратты, сіздің атыңыз мен байланыс ақпаратыңызды, сонымен қатар сіздің біліміңіз, жұмыс тәжірибеңіз бен екі ұсыным туралы мәліметтерді қамтиды. Сонымен қатар, Сізге алдын-ала келесі сұрақтарға сәйкес қатысу мақсаттары туралы мотивациялық хат дайындау қажет:

- Сіз неліктен CAYLA-ға қатысқыңыз келеді? Өзіңіздің ұзақмерзімді жоспарларыңызды, CAYLA-дан не күтесіз және мақсаттарыңызға жету үшін CAYLA Сізге қалай көмектесе алатынын сипаттауыңызды өтінеміз. (300 сөзден көп емес)

-Сіздің қауымдастығыңызда немесе еліңіздегі жастар қазір қандай мәселеге тап болуда, бұл тақырып бойынша Сіз қазіргі таңда қауымдастығыңызбен бірге қалай әрекет етіп жатсыз және бұл мәселені шешудің болашақта қандай мүмкіндіктерін көресіз? (600 сөзден көп емес)

-Сіздің өміріңіздегі ең үлкен сәтсіздігіңіз қандай және Сіз одан қандай сабақ алдыңыз? (300 сөзден көп емес)

-CAYLA-ның басқа да қатысушыларымен қандай бағалы тәжірибеңізбен бөлісуге дайынсыз? (300 сөзден көп емес) Онлайн-өтінімді толтыру басталғанға дейін түйіндеме мен мотивациялық хатты дайындауыңызды өтінеміз, өйткені форма сақтау мен жекелеген сұрақтарға қайта оралуға мүмкіндік бермейді.

   ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ:

СAYLA байқауында қоғамдық жобаларға, волонтерлік және қауымдастықты дамыту жөніндегі жобаларға қатысу тәжірибесі бар кандидаттарға артықшылық беріледі. Толтырылған өтінімдердің барлығы қаралады және СAYLA қатысушылары келесі критерийлер негізінде іріктелетін болады:

- Жасы: 18 – 30 жас; • Жоғары көшбасшылық әлеует;

- Өтініш берушінің қауымдастығында жастардың алдында тұрған мәселені нақты және қысқа тұжырымдау қабілеті, сондай-ақ мәселені шешудің мүмкін жолдары;

- Жастарды қоғамдық мәселелерге тартуға жәрдемдесуде тәжірибесінің болуы;

- Жергілікті деңгейде жастар бастамаларын ілгерілету туралы білуге деген ынта мен ниетінің болуы;

-Волонтерлік немесе қоғамдық жұмыс тәжірибесінің болуы; кәсіби немесе кәсіпкерлік тәжірибесінің болуы жақсы қосымша болады. Барлық өтінімдер жоғарыда көрсетілген іріктеу критерийлеріне сәйкес келуі тиіс. Егер ЕҚ өтінім бойынша қосымша ақпарат немесе түсініктемелерді қажет етсе, өтінім беруші қосымша ақпаратты және/немесе құжаттаманы ұсыну үшін жазбаша түрде хабардар етілетін болады. CAYLA-ға қатысатын финалистердің тізімі 2020 жылдың 25 мамырында жарияланады.

CAYLA және өтінім беру процесіне қатысты барлық сұрақтарды жазбаша түрде мына мекен-жайға жіберуіңізге болады: CAYLAapply@eurasia.org. Жылдам жауап алу үшін хаттың тақырыбында «СAYLA Қазақстан», «Сayla Тәжікстан», «СAYLA Өзбекстан» немесе «CAYLA Түркменстан» деп көрсету керек.

   Фото: ашық дереккөз

 

Барлық жаңалықтар
3.216.79.60, 192.168.88.100