• Басты
  • Орнықтылық қорының облигациялары Қазақстан қор биржасының Негізгі алаңына ауыстырылды
11 Мамыр, 2020 12:01

Орнықтылық қорының облигациялары Қазақстан қор биржасының Негізгі алаңына ауыстырылды

 Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясының шешімімен «7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасының операторы – Қазақстанның орнықтылық қорынының облигациялары KASE ресми тізімінің «Балама» алаңынан «Негізгі» алаңына ауыстырылды. Бұл ҚОҚ облигацияларының биржалық қаражат тарту бойынша оң тәжірибесі бар ірі және орнықты қаржы компаниялардың алаңдарына еңгізілгенін білдіреді, деп хабарлады Strategy2050.kz ҚОҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 
Орнықтылық қорының облигациялары Қазақстан қор биржасының Негізгі алаңына ауыстырылды

Компанияларды тізімнен тізімге ауыстыру компанияның және оның бағалы қағаздарының ресми тізімнің өлшемшарттарына сәйкестігін қадағалап отыратын KASE тәуелсіз шешімінің негізінде жүргізіледі.

Биржада орналастырылған ҚОҚ облигацияларының жалпы сомасы 2020 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша шамамен 400 млрд. теңге құрайды. Тартылатын қаражатты компания «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыруға жұмсайды.

ҚОҚ облигацияларының шығарылымдары бойынша төлемдер бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Мәселен, ағымдағы жылғы сәуір айының басында ҚОҚ облигацияларды 108,5 млрд. теңге сомасына өтеді. Оның ішінде купондық сыйақының мөлшері 8,5 млрд. теңгені құрады.



ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды