• Басты
  • Қордай ауданында ауқымды құрылыс жұмыстары басталды
27 Сәуір, 2020 09:38

Қордай ауданында ауқымды құрылыс жұмыстары басталды

Биыл Қордай ауданындағы жөндеу-құрылыс жұмыстарына 20,5 миллиард теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда 46 жоба бойынша мердігерлер анықталған, деп хабарлайды Strategy2050.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
Қордай ауданында ауқымды құрылыс жұмыстары басталды

Бүгінгі таңда үш мектептің, оның ішінде Қалғұты және Күнбатыс ауылдарында білім нысандарының құрылысы басталып үлгерді десек, бұл нысандар ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, аудан орталығындағы 50 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің, Сарыбұлақ ауылының Мәдениет үйіндегі қазандықтың құрылыстары бастау алды.

Ол ғана емес, Қордай және Әлжан Ана ауылдарының жаңа тұрғын алқаптарына инженерлік инфрақұрылым жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 40 шақырым болатын төрт ауыл арасындағы жолдарды орташа жөндеу, Кенен ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту, бес оқу орнының қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, үш мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Қордай ауылындағы 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталған. Өткен жылы старт алған ұзындығы 7,4 шақырымды құрайтын «Ауқатты - Бәйтерек» автожолының құрылысы жалғасуда.

Сондай-ақ, Қаракемер ауылында екі пәтерлі 10 тұрғын үй құрылысы басталды. Онда негізінен ауылға келген жас мамандар мен әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қоныстанбақ. Одан бөлек, осы ауылдың тұрғыны Қ.Молдасейітовтің демеушілігімен 15 келушіге арналған медициналық емхана салынуда.

Сонымен қатар, 60 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылысын салу, үш мектептегі спорт кешендерін, алты ауылдағы су құбырын қайта жаңғырту, жеті жаңа тұрғын алқапта инженерлік инфрақұрылымды нығайту, Қордай және Әлжан ана ауылдарының 24 көшесін жарықтандыру шаралары жүзеге асады.
2020 жылы 337 шақырымдық жолдар жөнделеді. Ол үшін 6,6 миллиард теңге қарастырылған. Сонымен қатар, «Ауыл - ел бесегі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында ауданның 18 елді мекеніндегі жолдарды жөндеуге 5,2 миллиард теңге бөлінген. Бұл орайда орташа жөндеуден өтетін жолдардың ұзындығы 289,6 шақырымды құрайды. Мұның бәрі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық жағдайын жақсартып, жақсы және қанағаттанарлық үлесін 90 пайызға, ал елді мекен ішіндегі көшелердің көрсеткішін 70 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік бермек,

Айта кету керек, «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан орталығындағы 21 көше жөндеуден өтуі жоспарланған десек, оның 12 көшесі бойынша жұмыстар аяқталып үлгерілген. Осылайша, Қордай ауылының жолдары 100 пайыз асфальт жабындысымен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қарасу, Өтеген, Масанчи, Сортөбе, Ахатта, Бұлар батыр ауылдары арқылы өтетін жолдардағы жол белгілері жаңартылған.

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды