- Басты
- Жаңалықтар
- Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті
Қорғаныс ведомствосында генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының жоспарлы отырысы өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Отырысқа Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының өкілдері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.
Еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы және даму мәселелері қаралды. Сонымен бірге армия мүддесі үшін ғарыш спутниктерін пайдалану, Қарулы Күштердің БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына (миссияларына) қатысуын кеңейту, әскерді отандық және шетелдік қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен жарақтандыру, қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамытудың жекелеген бағыттары бойынша баяндамалар тыңдалды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының құрылысы және дамуының жаңа тұжырымдамасын іске асыру тетігінің мәселелері талқыланды. Отырыстың қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді. Ведомствоаралық комиссия мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері мен негізгі бағыттарын қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде