• Басты
  • Open Akimat қалай жұмыс істейді
12 Қыркүйек, 2019 17:00

Open Akimat қалай жұмыс істейді

Есіл ауданының әкімдігінде елорда әкімі А. Көлгінов пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаевтың қатысуымен Open Akimat ашылды.
Open Akimat қалай жұмыс істейді

Мемлекет басшысы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында басқару мәдениетінің жаңа стандарттарына көшу қажеттігін атап өткен болатын.

"Open әкімдік" жергілікті билікке тұрғындарға сервистік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, халық пен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы байланысты жақсарта түседі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мәселен, Open akimat тұрғындарға  "бір терезе"қағидаты бойынша қызмет көрсететін болады. Азаматтар тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, тұрғын үй қоры, жұмыспен қамту орталығы, қазпошта және аудан әкімдігі қызметкерлерінің көмегіне және кеңесіне жүгіне алады.

"Тұрғындар жеке келіп, қызметкерлерден көкейде жүрген сауалдарына жауап алғылары келеді. Барлығы ашық түрде жасалынған. Мысалы, балабақшаға, тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар өз кезегін күтіп, заңды түрде балақшаға баласын беріп, не үй иесі бола алады. Барлығы тек заңды қатаң түрде сақтау аясында орындалмақшы. Басқа еш схема жоқ", - деді А. Көлгінов.

Әкімдіктің мәліметінше,  залда азаматтарды қабылдау бойынша арнайы кабинеттер және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бар.

А. Көлгінов пен А. Шпекбаев Open akimat базасында азаматтарды қабылдап, олардың  мәселелерін жеке бақылауға алды. Сондай-ақ, залда балалар бұрышы, кітапхана және өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жабдықталған.

«Open Akimat»  Астана - адалдық алаңы»   жобасы аясында жүзеге асырылуда. Тұрғындарды қабылдау қалалық және аудандық әкімдіктерде, "Жанұя"отбасы институтын қолдау орталығында жүйелі түрде жүргізіледі.


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды