• Басты
  • Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция

Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция

15 Сәуір, 2021 15:41

«Байділдинов. Мұнай» авторлық бағдарламасының жүргізушісі, сарапшы Олжас Байділдинов бензин бағасының тағы да қымбаттауына байланысты Strategy2050.kz тілшісіне түсіндірме сұқбат берді.



Олжас Қажымұратұлы, бензин бағасының өсуіне не әсер етті?

Өткен жылдың 20 наурызында мен «#Казнефть, 4-бөлім: Біз әлемдегі ең арзан бензин бойынша жетінші орындамыз. Ол шығынға сатыла ма?» тақырыбында мақала жариялаған болатынмын. Сонда айтып өткенімдей, кез келген нәрсенің өз бағасы болады. Кез келген тауардың бағасын есептемей тұрып, шикізат бағасына назар аударылады. Бензин бағасы жыл сайын өсіп жатыр. Оған не әсер етеді? Әрине, инфляцияның жалпы деңгейі, жалақылардың көбеюі, Ұлттық валюта курсының құлдырауы Қазақстанда өндірілетін кез келген тауардың бағасына әсер етеді. Ал мұнай өндірісі импорттық құрылғыларға, материалдар мен шетелден әкелінетін  химиялық заттарға тәуелді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 92 бензиннің литрі 38-40 сентті құрайды. Бұл 2004 жылғы деңгей болып есептеледі. Одан бері баға едәуір өскен.

Бензин бағасы жалпы неден тұрады? Жанар-жағармай бекеттері бензин сатудан қаншалықты пайда көреді?

Мұнай өндірудің өзіндік құны бар - оны мұнай компаниялары өндіреді. МӨЗ-ге дейін мұнай тасымалдау бар және МӨЗ-де мұнай өңдеу бар. Сондай-ақ, дайын мұнай өнімдерін АҚС желілеріне дейін жеткізу қажет. Әрине, АҚС-тің өзіндік шығындары да бар. Айта кететін жайт, АҚС бөлшек сауда желілерінің маржасы/таза пайдасы бұрын 3-5 теңге болған, қазір ауданда литріне 1-3 теңге.

Қазақстанның энергетика саласы бензиннің көтерілуіне неге жол береді деп ойлайсыз? Жалпы бұл салада қандай өзгерістер орын алып жатыр.

Мен қарапайым әрі бәріне түсінікті цифрлармен мысал келтіремін. Мұнайдың әлемдің бағамы қазір $60-65 bbl, ал біздің жанар-жағармай бекеттеріндегі оның бағасы $20-30 за баррель. Ал қазақстандық мұнайдың орташа құны - $40. Қазіргі уақытта мұнай өндіруші компаниялар шикі мұнайды ішкі нарыққа тоннасына шамамен 100 мың теңге бағамен жеткізеді – бұл $235, барреліне шамамен $32 немесе 1 литріне шамамен 86 теңге. Бұл әлемдік бағадан 2 есе төмен. Мемлекет әрқашан ішкі нарықты қолдауға, бензинге, ЖЖМ-ге, энергия көздеріне төмен бағалардың көмегімен жер қойнауын пайдаланушылардың, мұнай өндіруші компаниялардың ішкі нарыққа шығарылатын мұнайдың бір бөлігін әлемдік бағадан төмен бағамен сату бойынша міндеттемелері арқылы шағын және орта бизнесті қолдауға ұмтылды. Шынында, бізде төмен бағалар бар. Неліктен олардың бағасы өткен жылы өспеді? Ұлттық экономика министрлігі қайта өңдеуге акцизді көтерді, бағалар өткен жылдың басында өсуі керек еді, бірақ пандемия сұранысқа әсер етті. Сондықтан біз өсуді, содан кейін бағаның төмендеуін көрмедік. Біз үшін бөлшек сауда бағалары өзгерген жоқ. Неліктен олардың бағасы қазір өсіп келеді? Ағымдағы бағалар ұзақ уақыт бойы өзіндік құннан төмен болғандықтан.

Қазақстанда мұнай қымбат, өйткені ол табиғи шикізат, ол жерден 3-5 км тереңдікте жатыр. Кейбір мұнай шығаратын орындарда қазылған мұнайдың 90 пайызы су болып шығады, тек 10 пайызы ғана таза мұнай. Мұнайды дайындау, тазарту процессі бар, өндіріс орындарына жеткізу, зауытта қайта өңдеу, ЖЖБ жеткізу, оған салық төлеу мен жалақыны қосыңыз. Бензин автокөліктерге құйылам дегенше көп этап пен шығыннан өтеді.

Әлемдегі ең арзан бензин Қазақстанда деген қаншалықты рас?

12 сәуірдегі көрсеткіш бойынша біз ең арзан жанар-жағармай жөнінен әлем бойынша 6-орындамыз. Азаматтардың орташа жалақысы мен бензин бағасының сәйкестігі орташа. Біздің көрші мемлекеттерде бензин бағасы 60-80 теңгеге қымбат. Жалпы алғанда, бензин, дизель, газ, электр энергиясы бағасының өсуі әлемдік үрдістің бір бөлігі болып табылады. Біз әлемдік экономиканың бір бөлігіміз және одан ешқайда кете алмаймыз. Ішкі нарықтағы бағалар әрдайым «субсидияланған» болды деп айта аламын. Ұзақ уақыт бойы бағалар нақты өзіндік құннан төмен. Қазақстандық бензин литрі әлемдегі шикі мұнайға қарағанда арзан, ал бағалар жаһандық тенденция болғандықтан өсуін жалғастыра береді.

Сонда баға тағы да өседі дегіңіз келіп тұр ма?

12 сәуірдегі жағдай бойынша Әзербайжан мен Ресейдің мұнай өндіру саласында 95-бензиннің бағасы 255 теңге және 273 теңге, Қырғызстанда 253 теңге, Өзбекстанда 299 теңге. Сауд Араб пен Біріккен Араб Әмірліктерінде 256 және 247 теңге. Бұл өнімдердің бағасының артуы – жаһандық тенденция. Ол ЕАЭО және Бүкіләлемдік сауда ұйымының талаптарына бойынша жүргізіледі. Баға өсе береді, өйткені бұл нарықтық экономика.

Пандемия мұнай мен газ нарығына әсер етті ма?

Осы жылдың наурыз айынан бастап мұнай өнімдері биржаларда саудаланады. Бүгінгі таңда баға қоюдың нарықтық, таза, ашық әдістері енгізілген. Оны бәрі көре алады.

Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттарында модернизация қалай болып жатыр? Бізде ішкі нарықты қамтамасыз ететін «ҚазМұнайГаз» ғана ма?

Біздің мұнай өңдеу зауыттары бірнеше жыл бұрын модернизацияны аяқтаған. Оған $6-6,5 млрд теңге жұмсалды. Олар Еуро-4 және Еуро -5 стандартты сапалы отын өндіреді. Сонымен қатар базалық мұнай-химиялық шикізат өндіруді бастады. Бұдан басқа, Үкіметтің қолдауыме жүзеге асырылған модернизация салдарынан қазақстандық мұнайды өңдеу мәселесі шешілді. Бұған дейін көптеген зауыттар ресейлік мұнай мен технологиялық бағдардың ығынан шыға алмайтын. Сонымен қатар қазір зауыттар толықтай қазақстандық мұнаймен жұмыс істейді, отандық нарықты 100 пайыз қамтамасыз етіп отыр. Егер бұл шаралар қолға алынбаған болса, Қазақстан экономикасы оңбай дағдарысқа ұшырайтын еді.

Жеке мұнай өндіруші компаниялар бар, олар өндірілетін мұнайдың бір бөлігін ішкі нарыққа жеткізеді. ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы ішкі нарықтың жартысын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ҚМГ-ның негізгі кен орындары бұрыннан игеріліп келе жатқанын және оларда өндірудің өзі әлемдік баға бойынша да шығынды екенін ескеруіміз қажет. Мұндай мұнайды не үшін өндіру қажет? Әлеуметтік тұрақтылық пен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін. Бұл біздің отандастарымыз үшін жұмыс орындары. Егер ҚМГ өзінің барлық мұнайын шығынды бағамен сата бастаса, онда қарыздарды өтеу, жаңа жобаларға, жаңа кен орындарына инвестициялар салу үшін қаражат қалмайды.

Біз әлемдегі ең арзан бензин сатылатын 10 елдің қатарына кірдік. Қазіргі уақытта бензин бағасын әлемдік нарық реттейді.

Сұқбаттасқаныңыз үшін рақмет!



Барлық жаңалықтар