ҚР Президентінің Жолдауы

Жолдаудың бастамалары үлкен әлеуметтік оқиға – сарапшы

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары –хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко Жолдауды жүзеге асыруда Ассамблеясының негізгі міндеті – бейбітшілік пен келісім тұрақтылығын қамтамасыз ету екенін айтты.
Астана қаласы11 Қазан , 11:19

«Жолдаудың негізгі ерекшелігі – халықтың әл-ауқатын арттыру мен өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған. Оның ішінде, 2019 жылдан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни, 28-ден 42 мың теңгеге дейін көтеру өте маңызды. «Бизнестің жол картасы» 2025 жылға дейін ұзартылды. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және табиғи монополиялар қызметтерінің тарифтерді орынсыз жоғарылатпау мәселесі үнемі назарда болады. Білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, жалақыны жоғарылату мәселелері жүйелі түрде шешіледі. Педагогтардың мәртебесі туралы заңды әзірлеу және қабылдау туралы тапсырмасына ерекше тоқталғым келеді. Бұл – үлкен әлеуметтік маңызды оқиға. Себебі, мұғалім – адам капиталын қалыптастырудағы басты тұлға», - деді Л.Прокопенко.

 




Яндекс.Метрика