• Басты
  • Облыстардың бюджетінен тұқым шаруашылығын дамытуға 11,3 млрд теңге қарастырылған – А.Сапаров
8 Сәуір, 2020 15:51

Облыстардың бюджетінен тұқым шаруашылығын дамытуға 11,3 млрд теңге қарастырылған – А.Сапаров

Көктемгі егіс жұмыстары туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтып берді,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Облыстардың бюджетінен тұқым шаруашылығын дамытуға 11,3 млрд теңге  қарастырылған – А.Сапаров
«Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың көктемгі егіс жұмыстарын уақытында жүзеге асыру бойынша міндет қойды. Қысқа агромерзімде сапалы өткізілетін көктемгі егіс жұмыстары жақсы өнім кепілі болып табылады. Бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіні белгілі. 2020 жылы ауылшаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 22,5 млн гектарды құрады. Дәнді –дақылдар алаңы 15,2 млн гектар. Оның ішінде бидай алаңы 11,4 млн гектар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша егіс алқаптарын әртараптандыру және жоғары рентабельді дақылдар өсіруге көшу бойынша жұмыстар жалғасуда. Осылайша, майлы дақылдар алаңы 3 млн гектарды құрады», - деді ол.

Сондай-ақ, көкөніс пен картоп алаңдары 19 мың гектарға, азық дақылдары алаңы 309 мың гектарға өсуге қамтамасыз етілді.

«Егіс алаңдарынының құрылымын облыс әкімдеріне ішкі нарықтың қажеттілігіне қарай жеткіземіз. Мысалы, қарақұмық алаңын 30 мың алаңға көбейту жоспарлануда. Бұл өзімізді қарақұмықпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыстардың жергілікті бюджетінен тұқым шаруашылығын дамытуға субсидия 11,3 млрд теңге қарастырылған. Қосымша республикадан 2,5 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, жоғары өнімді алу үшін тыңайтқыштарды қолдану маңызды рөл атқарады. 2020 жылға облыстардың жергілікті бюджеттерінен 23,3 млрд теңге қарастырылған. Бұл 480 мың тонна тыңайтқышты сатып алуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды