• Басты
  • Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді – Қ.Тоқаев

Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді – Қ.Тоқаев

11 Мамыр, 2020 13:42
Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz.

«Қазірдің өзінде 1 миллион 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты.Бүгіннен бастап еліміз бойынша дүкендердің біразы ашылады, сән салондарының, білім орталықтарының, тағы басқа нысандардың қызметі қайта жанданады.Саябақтар ашылады.Жолаушыларға арналған әуе тасымалының жұмысы қалпына келеді.Бұған дейін 6 қаланың әуежайы ашылған болатын. Енді оған тағы 7 қала қосылады.Көптеген шектеулер алынып тасталды.Алайда, күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн», - деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент айтқандай, Үкімет жаңа санитарлық ережелерді дайындап, енгізуі қажет.

«Шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәйкес жұмыс істеуі керек.Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде бетперде тағып жүру қалыпты жағдайға айналуға тиіс.Қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді.Жолаушылардан бетперде тағу талап етіледі.Көшеде топтасып жүретіндер 3 адамнан аспауы керек.Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді.Жеке кәсіпорын басшылары қанша қызметкерді жұмысқа шығаратынын өздері анықтауға тиіс.Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді. Бұл – ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігіне байланысты мәселе.Жұмыс орнында әлеуметтік арақашықтық және қатаң санитарлық режим сақталуы қажет.Індеттің екінші кезеңі басталып кетуі мүмкін», - деді Президпент.

Барлық жаңалықтар