- Басты
- Жаңалықтар
- Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды
Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды
Праймериз – 2020 қатысушыларының пікірсайыс кезеңі басталды. Нұр-Сұлтан қаласында өткен дебаттардың бірінің басты тақырыбы қатты тұрмыстық қалдықтар мен құрылыстан қалған қоқыстарға арналды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Өзін-өзі ұсынушы, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Расул Медетов тұрмыстық қалдықтың қайта өңделмеуі Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ғана проблема емес, Қазақстанның барлық аймағындағы мәселе болып отырғанын атап өтті.
Қоқыс қалдықтарын апаратын полигондардың санын көбейтуіміз керек және барлық өңірде болуын қамтамасыз етуіміз керек. Қазақстанда жыл сайын 600 млн тонна қоқыс түзіледі. Оның 5 % ғана қайта өңделеді. Ал қалған қоқыс көміледі немесе өртеледі. Қоқыстан улы зат пен газ бөлінеді. Адамдардың созылмалы ауру, анемия, аллергия сияқты ауруларға көптеп шалдығуына бірден бір әсер етуші фактор – ол қоқыс қалдықтар. Мен қызмет бабымен Ақтөбе, Атырау қалаларында өмір сүрдім. Бұл қалаларда қоқыс маңына өмір сүретін халық ластанған ауаға тұншығады. Түрлі аурулардың көбеюі осыдан, - деді ол.
Расул Медетов қоқысқа арналған жәшіктерді пайдалануды тұрғындар біле бермейтінін, білсе де маңыздылығын ескермейтінін айтты.
Пластмасса, политэллинге бөлек жәшік, алюминий, шыны бөлек жәшік, сонымен қатар ескірген киім-көншекке бір жәшік арнау керек. Ескірген киімдерді мұқтаж отбасыларға үлестіріп, қайырымдылық жасауға болады. Сосын біз жаңа үй сатып алсақ та, оның ішін өзгертуге, 2-3 жыл сайын есік пен еденді ауыстыруға құмармыз. Сондай ескі құрылыс қалдықтарын әлеуметтік осал топтарға беру керек немесе арзан бағада сату қажет. Олардың шағын уақытша тұрақ салып алуларына үлкен көмек болады, - деді ол.
Праймериз қатысушысы қоқыс сұрыптауға қатысты түсіндірме шаралар халық арасында кеңінен өткізіліп, «жасыл экономикаға» көшу науқанын тездету керектігін алға тартты.
Фото: ашық дереккөз

-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру
-
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі
-
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
-
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі
-
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті
-
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі
-
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі
-
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар
-
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі
-
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі
-
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі

