• Басты
  • О.Сүлейменов Қазақстандағы президенттік институттың маңыздылығы туралы айтты
23 Сәуір, 2020 18:34

О.Сүлейменов Қазақстандағы президенттік институттың маңыздылығы туралы айтты

Қазақстанда Президент институтының құрылғанына 30 жыл. Осыған орай, белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтен аталған институттың қалыптасу кезеңдері, жетістіктері жөнінде сұхбаттасқанбыз. Ол сұхбат барысында Президент институтының жұмысы жақсы жолға қойылғандықтан, Қазақстан ТМД-ның басқа мемлекеттерінде туындаған проблемаларды айналып өткенін алға тартты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

О.Сүлейменов Қазақстандағы президенттік институттың маңыздылығы туралы айтты

Белгілі ақын Олжас Сүлейменов Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы жылдарына тоқталып өтті. Оның сөзінше, елден жырақта жүрсе де, Президент сайлауына ұшып келіп, қазақстандықтарды Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беруге шақырған.

"Ел президенті сайланған жылдары мен Мәскеу қаласында жұмыс істедім. Арнайы Қазақ КСР президенттік сайлауына Мәскеуден ұшып келдім. Менің есімде болса, сайлау қазан айында Жоғарғы Кеңесте өткен сияқты", - деді Олжас Сүйлеуменов.

Оның айтуынша, сол кездері анитиядролық одақ құрылып, елдерді ядролық қарудан бас тартуға шақыратын клуб құру қолға алынып жатқан.

"Невада - Семей" қозғалысының халықаралық қозғалыстармен тығыз байланысы арта түсті. Біз сол кезде жаһандық антиядролық одақ құрып, клубқа мүше мемлекеттерді ядролық қарудан бас тартуға шақыратын клуб құруды қолға алдық", - деді жазушы.

Ол өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тізгінін ұстағанын қалаған. Себебі басшылық қызметте Назарбаевтың тәжірибесі көп.

"Мен тек Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсындым. Оған мінездеме де бердім. Назарбаевтың жұмыс тәжірибесі, ұйымдастырушылық қасеті бар, бұдан бөлек 6 жыл Үкіметті басқарды. Сонымен қатар бірнеше жыл Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің басшысы болды, әрі түрлі халықаралық ортада жұмыс істеді. Мен халықты Назарбаевқа дауыс беруге шақырдым ", - деп еске алады ол.

Сонымен қатар, ол таңдаудың дұрыс болғанын, Қазақстан Елбасының көреген саясатының арқасында көптеген проблемаларды айналып өткенін атап өтті.

"Менен осыдан тура бір жыл бұрын 1989 жылы мамырда Кремльде Колбиннің орнына бес үміткерге мінездеме сұраған. Тек біреуіне, Назарбаевқа ғана жағымды мінездеме бердім. Міне, сонда айтқан сөздерімді біздің Жоғары кеңесте де айттым. 90-шы жылдардың алғашқы жылдарында-ақ біздің таңдауымыздың дұрыс болғанын дәлелдеді. Қазақстан көптеген ТМД мемлекеттері тап болған қиындықтарды айналып өтті", - деді Олжас Сүлейменов.

Осы тұста белгілі ақын Президент институтының маңыздылығына тоқталды. Оның сөзінше, саясатын дұрыс жолға қоймаған кей мемлекеттер өз ішінен азамат соғысын бастан өткерді.

"Бұл жерде институт пен Президенттің жеткен жетістіктері туралы айту керек. Кеңес Одағы құлағаннан кейін жас мемлекетке тез арада аяққа тұру маңызды болды. Құрдымға кеткен кеңес экономикасынын ұлттық экономиканы қалыпқа келтіру, өзіндік интеллектуалды рухани ортаны қалыптастыру міндеті тұрды. Мұның бәрін барлық деңгейдегі біртұтастық институтының көмегімен ғана жасауға мүмкіндік болды. Кейбір ТМД елдері де осы жолды таңдады. Қазақстанда сияқты оларда да сәтті жүзеге асты. Алайда, кей мемлекеттер тез арада басқарудың демократиялық формалары мен әдістерін енгізуге тырысқандықтан, ыдырау жалғаса түсті. Қазақстан біздің бақытымызға орай мұндай келеңсіздіктерден аман өтті", - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан көпұлттылығын сақтауы керек.

«Біз тек республикамыздың көпұлттылығын сақтаған жағдайда ғана жетістікке жетеміз.Біз өте толерантты мемлекетпіз. Бұл туралы Қазақстанның әр азаматына айтылу керек», - деп түйіндеді ол.
Назерке Сүйіндік 
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды