• Басты
  • Қоғамның әр бір санатына қатысты шаралар жеке қаралуда- Е.Тоғжанов
3 Сәуір, 2020 09:30

Қоғамның әр бір санатына қатысты шаралар жеке қаралуда- Е.Тоғжанов

ҚР Премьер- министрінің орынбасары Тоғжанов Ералы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне қатысты өз пікірін facebook-тегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Қоғамның әр бір санатына қатысты шаралар жеке қаралуда- Е.Тоғжанов
«Әлемдік өркениеттің басына түскен бүгінгі экономикалық жағдай баршаға ортақ мәселе.Осындай қиын кезеңде мемлекет ел азаматтарына әлеуметтік, экономикалық, медициналық көмек көрсету үшін қажетті шараларды қабылдауда. Қоғамның әр бір санатына қатысты шаралар жеке қаралуда», - деді Е.Тоғжанов. 

Е.Тоғжанов Қасым-Жомарт Кемелұлы өз мәлімдемесінде шағын және орта бизнес өкілдерінің мемлекет назарынан тыс қалмайтынын да баса айтқанын жеткізді.

   Осы бағытта Үкімет келесі шараларды іске асырады:

- шағын және орта бизнес үшін барлық салықтарды төлеу 3 айға – 2020 жылғы 1 маусымға дейін шегерілді;

- салық міндеттерін қамтамасыз ету шаралары мен тәсілдерін қолдану, сонымен қатар салықтық, кедендік қарыздар мен әлеуметтік жарнаны төлеуге міндеттеу 2020 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатылды;

- төтенше жағдай кезеңінде мерзімі келген камералдық бақылау бойынша хабарландыру хаттарының орындалу уақыттары 2020 жылғы 1 маусымға дейін ұзартылды;

- өз бастамасымен тағайындалатын мемлекеттік кіріс органдарының тексеру шаралары төтенше жағдай кезеңінде уақытша тоқтатылды.

* экономиканың ең көп зардап шеккен салаларындағы шағын және орта бизнес үшін 6 айға (биылғы жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін) салықтар мен басқа да төлемдерді есептеу және төлеу тоқтатылды:

- мүлік салығы (ірі сауда нысандары, сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, мәдениет және спорт нысандары, тамақтану орындары, қонақ үй бизнесі мен туристік қызмет үшін) - жыл соңына дейін 0%;

- жалпы белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығы - жыл соңына дейін 0%;

- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ауылшаруашылық жерлеріне жер салығы - жыл соңына дейін 0%;

- агроөнеркәсіптік кешені саласында ірі қара мал мен асыл тұқымды балапандар импортына ҚҚС (НДС) - жыл соңына дейін 0%;

- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрі үшін ҚҚС (НДС) жыл соңына 12% -дан 8% -ға дейін;

- әлеуметтік салық - 2020 жылдың 1 қазанына дейін 0%;

- жалақыдан жеке табыс салығы - 2020 жылдың 1 қазанына дейін 0%;

- міндетті зейнетақы жарналары - 2020 жылдың 1 қазанына дейін 0%;

- әлеуметтік аударымдар - 2020 жылдың 1 қазанына дейін 0%;

- МӘМС-ге жарналар мен аударымдар 2020 жылдың 1 қазанына дейін 0%.

Бұл шарамен 700 мыңнан астам салық төлеуші қамтылатын болады.

* азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар азық-түлік тауарларына импорттық баж салығын төмендету мәселесі қарастырылуда.

Фермерлерді қолдауға аса назар аударылып отыр - жоспарланған көктемгі егіс науқаны үшін қосымша қаржылық ресурстар қарастырылған:

* қазақстандық фермерлерге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 5%-дан аспайтын мөлшерде 70 млрд. теңге бөлініп отыр;

​* ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін дизель отынының бағасы литріне 165 теңгеге дейін немесе нарықтық бағадан 15%-ға дейін төмендетіледі.

​«Әлеуметтік қолдауға бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуының тиімді тетігін қамтамасыз ету үшін отандық IT-компаниялар арнайы платформа құруға кірісетінін атап өткім келеді. Әлемді тұсаулап отырған экономикалық ахуалда мемлекет тарапынан қабылданып отырған бұл шаралар сіздер үшін жасалып отыр. Қазақ «бірлесе көтерген жүк жеңіл» деп бекер айтпаған. Баршамыз бас қоса атқаратын іс-қимылдар арқылы ғана мақсатымызға жетеміз. Үкімет өз тарапынан барлық міндеттерін атқарады.Ал, сіздердің алдарыңызда дәл қазір, карантин кезеңінде, бір-ақ міндет тұр - ӨЗ ҮЙЛЕРІҢІЗДЕ ОТЫРЫҢЫЗДАР.Төрткүл әлемге түгел қауіп төндірген дертке немқұрайлық танытып, немкетті қарауға болмайды. «Сақтықта қорлық жоқ» деген сөз бар. Бұл өзіміз үшін ғана емес, жанымыздағы жақындарымыз үшін де өте маңызды», - деп түйіндеді Е. Тоғжанов.


Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды